Түсіп қалған тістің орнына тіс өсірудің тәсілі табылды
Түсіп қалған тістің орнына тіс өсірудің тәсілі табылды
3 жыл бұрын 18284 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар түсіп қалған тісті өсіруге мүмкіндік беретін тәсілді тапты. Бұл жайында islam.kz порталы MedicalXpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күншығыс елінің Киото және Фукуи жоғарғы оқу орындарының ғалымдары туабітті тісі кем немесе артық генетикалық ауытқудан зардап шегетін тышқандарға тәжірибе жүргізіп көрген екен. Бұл зерттеуде олар USAG-1 гені бұғатталған жануардың тісі қалыпты санынан (тышқан тісінің қалыпты саны – 32) көп өсетініне назар аударған. Аталмыш зерттеу нәтижесінде USAG-1 гені кодтайтын ақуыздың BMP және Wnt сигналды жолдарының жұмысын бастып тастайтыны белгілі болды. Бұл арада тіндер мен ағзалардың, соның ішінде тістің өсуі мен жетілуін реттейтін ақуыз молекуласының күрделі каскады турасында сөз болып отыр. Сондай-ақ, USAG-1 генінің антиденесінің тіс агенезден (тістің түсуіне апаратын туабітті ауру) зардап шегетін науқастың тісінің өсуін ынталандыра алатын болып шықты. Ғалымдар USAG-1 қызметін бұғаттайтын түрлі антиденелерді сынап көрген еді. Олардың көбісі организмге қауіп төндіретін болып шықты, тек біреуі ғана өзгелеріне қарағанда селективті (жарамды) болып шыққан. Мамандар бұл антидененің бір дозасының өзі кеміргіштің тісін өсіре алатынына көз жеткізді. Басқа да тәжірибелер осындай нәтиже көрсеткенін айта кету керек. Мамандар бұл әдістің емдеу терапияға айналатынына сенім білдіріп отыр.

0 пікір
Мұрағат