Тұңғыш рет жаны бар робот жасалды (фото+видео)
Тұңғыш рет жаны бар робот жасалды (фото+видео)
7 ай бұрын 692 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

«Жүре берсең, көре бересің» деген рас екен: титтей «ксеноботтар» ең қиын деген түрлі тапсырмаларды орындай алады – организм ішінде тиісті жеріне дәрі жеткізуден бастап, улы заттарды шығаруға дейін. Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымында жарияланған осы тақырыптағы мақалада авторлар бақа эмбрионынан алынған жасушалардан мүлдем басқа тіршілік иесін өмірге әкелгендерін баяндапты. Біз сөз етіп отырған тірі организм мен роботтың микроскопиялық гибриді қажет кезінде өз-өзін емдей алады, яғни, зақымдалған жерін ешкімнің көмегінсіз қалпына келтіре алады. «Бұл жаңа тірі машина. Олар әдеттегі роботқа ұқсамайды немесе белгілі бір жануар түріне де жатпайды. Ол адам қызметінің нәтижесінде пайда болған жаңа класс: тірі, программаланған организм», - деді аталмыш зерттеу жетекшілерінің бірі, Вермонт университетінің компьютерлік технология және роботехника маманы Джошуа Бонгар. Ғалымдар алдымен UVM суперкомпьютердің көмегімен болашақ тірі робот үшін барлық есепті жүргізіп, содан соң Тафтса жоғарғы оқу орнының биологтарының жәрдемімен «жинастырды». Бұл бағыттағы зерттеу «биологиялық машинаны нөлден бастап толық жобалау» негізінде тұңғыш рет жүргізілгенін айта кету керек. Бұл арада табиғатта кездесетін қандай да бір биологиялық түрді көшіріп алу немесе редакциялау емес, я болмаса олардан қандай да бір түр жасап шығару мақсат болған емес. Конфигурацияны іріктеу үшін ғалымдар бақа ұрығының терісі мен жүрегінің жасушасын пайдаланды. Эволюциялық алгоритмнің көмегімен ғалымдар ұйғарылған мыңдаған нұсқалардан ең керектісін іріктеп алды. Ең үздік жобасы алға қойылған міндеттердің үддесінен шыға білуі тиіс: мәселен, бағытталған жаққа жылжи алуы, т.б. Осы мақсатта жүздеген жасушаны сансыз комбинацияда қайта жинастырып, олардың қабілетін байқап көруге тура келді. Микрохирург Дуглас Блэкстонның жетекшілік етуімен ғалымдар ең оңтайлы әрі келешегі бар жобаны жүзеге асыру үшін Xenopus laevis деп аталатын африкалық бақа түрінің эмбрионынан діңгекті жасушалар алды. Ал ғалымдар оны қалай алды? Оны қысқа қайырып баяндап берудің өзі ұзақ укақытта алатын күрделі процесс. Жасуша және жасанды материал. Қиындық тудыратыны – жасанды материал: ол қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін. Ал тірі тінде мұндай проблема болмайды. Десе де механикалық түріне қарағанда ғұмыры ұзақ болмайды және нәзік келеді. Есесіне инженерияның жоғарғы деңгейінде зақымдалған жері өзі бітетін болады. Аталмыш зерттеу авторалының айтуынша, мұндай биотехнология – биологиялық кодтау мен ақпараттарды жеткізуді қатар ұштастыра алатын келешегі зор сала. Бұл арада организмде болатын процестер жасуша ішінде жүреді – тек нейрондармен синаптикалық тұрғыдан өзара әрекеттескенде ғана жүзеге асатын процеске тәуелді емес. Бұл арада биоэлектрлі, биохимиялық және биомеханикалық процестер турасында сөз болып отыр.

(Ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат