|
Қылмыстың тек бір түрі үшін өлім жазасын енгізуді сұрап отыр
|
Қырғызстан парламентінің бірнеше депутаты кәмелет жасына толмағандарды зорлау бойынша айыпталғандарға қолданылатын жазаны қатайту туралы ұсынысты ортаға тастады. Бұл жайында «Бішкек ақшамы» ақпарат көзі хабар таратты. Қырғыз депутаты Айнұр Алтынбаева отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейтіп, балаларды зорлаған айуандарды өмір бойына бас бостандығынан айыруды немесе өлім жазасына кесуді сұрады. Тағы бір депутат Ысқақ Маслаиев әріптесінің ұсынысына қосылатынын айта келіп, ондай қылмыскерлерді өмір бойына бас бостандығынан айырғанша бірден өлім жазасына кесуді құптайтынын жеткізді. Өйткені, оны өмірден озғанша мемлекет қазынасынан шығын шығарып, асырауға тура келеді. Бұл мемлекетке тиімсіз жол.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті