Шыбынның бактерияның қанша түрін тарататыны белгілі болды
Шыбынның бактерияның қанша түрін тарататыны белгілі болды
6 жыл бұрын 5176

Америкалық энтомологтар ет шыбындары мен бөлме шыбындарының көптеген микробтарды таратып, түрлі аурулар тудыратынын анықтады. Бұл жайында stan.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

ДНҚ сараптамасы растағандай, шыбындар 600-ден астам бактерия түрлерін таратады екен.

Олардың қатарындағы көптеген бактерия адам ағзасында ішек инфекциясы, қанның зақымдалуы, өкпе қабынуы тәрізді ауруларды туғызады.

Жүргізілген тәжірибеде анықталғандай, шыбындар аяғы мен қанатында тіршілік ететін бактерияларды таратады.

«Бұған дейін де адамдар шыбындардың залалды бактерияларды таратынын біліп жүрген. Бірақ оның мұншалықты деңгейде екенін білмеді», – дейді зерттеу авторларының бірі, Пенсильвания штаты Университетінің профессоры Дональд Брайант.

Ғалымдар бөлме шыбыны (Musca domestica) мен ет шыбынының (Chrysomya megacephala) денелеріндегі микробтарды зерттегенде ДНҚ сараптама әдісін қолданған.

Барлық мемлекетте тіршілік ететін бөлме шыбыны 351 бактерияны тасымалдаушы болып шықты. Ал жылы өңірлерде тіршілік ететін ет шыбыны 316 түрлі бактерияны тасымалдайды екен.

Зерттеу жұмысының авторларының сөзінше, денсаулық сақтау қызметі жұқпалы аурулардың тарауындағы шыбындардың атқаратын рөлін тиісінше бағаламауы мүмкін.

«Залалды бактериялардың таралу механизмін анықтадық деп білеміз. Бұған дейін денсаулық сақтау қызметі індет кезінде шыбындардың ауру тудыратын бактерияларды жылдам тарататынына мән бермей келген», – дейді профессор Брайант.

0 пікір
Мұрағат