Секундына 30 масаны жоятын құрылғы пайда болды (видео)
Секундына 30 масаны жоятын құрылғы пайда болды (видео)
3 күн бұрын 590 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайда жасалған Photon Matrix құрылғысы масаны табады әрі арадағы қашықтықты есептеп, миллисекунд ішінде лазермен жояды. Бұл жайында islam.kz порталы newatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірегей гаджет секундына 3 масаға дейін жоя алады. Бұдан басқа, ерекше құрылғы адамдар мен үй жануарлары сияқты ірі нысандарда көру аумағын сканерлеу үшін миллиметрлік радарды пайдаланады. Егер маса табылса, зиянды жәндікті жоятын лазер іске қосылады. Айрықша құрылғы секундына кем дегенде бі метр жылдамдықпен ұшатын жәндіктерді анықтай алмайды. Сондықтан ол шыбын-шіркейлер сияқты зиянкестерге қарсы қолдануға жарамсыз. Құрылғыны энергиямен қуаттау розетка арқылы немесе опционды сыртқы аккумулятор арқылы жүзеге асырылады. Бір толық зарядпен құрылғыны 16 сағатқа дейін пайдалануға болады.

 

0 пікір
Мұрағат