РНҚ-ның бұрын-соңды болмаған видеосы жарияланды (видео)
РНҚ-ның бұрын-соңды болмаған видеосы жарияланды (видео)
3 жыл бұрын 4719 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Northwestern University жоғарғы оқу орнының ұйытқы болуымен жүргізілген тың зерттеуінде РНҚ молекуласының жасуша ішіне жайғасуы әрі белгілі бір функцияларды орындауы үшін қалай қалай жиырылып, қалай бүктелетіні көрсетілген. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Molecular Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл дерек өз кезегінде РНҚ-мен байланысты, соның ішінде жұлын бұлшық етінің атрофиясы секілді ауруларды тиімді емдеуге мүмкіндік беретін тәсілдерді табуға көмектесуі әбден мүмкін. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Northwestern университетінің ғалымы Джулиус Б. Лакстың айтуынша, РНҚ-ның бүктеліп-жазылуы – динкамикалық процесс. Бұл процесті терең зерделеу арқылы емдік әдістерді жетілдіруге болады. Видеодан байқасаңыздар, РНҚ-ның бүктеліп-жазылуы күтпеген тәсілдермен орныдалады, ғалымдар РНҚ-ның көбінесе түйіншектеліп барып, жазылатынын аңғарған, содан кейін барып бастапқы қалпына келген, яғни, құрылымын түзген. Джулиус Б. Лакстың сөзіне қарағанда, біздің денемізде РНҚ секундына 10 квадриллион рет бүктеліп-жазылады екен. Бұл процесс геннің жасушада экспрессияланған сайын орын алады.

Ұқсас материал:

«ДНҚ-ның қорқынышты тізбегі...» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/dnq-nyn-qorqynyshty-tizbegi-14681/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат