Қатерлі ісікті емдеудің аса тиімді тәсілі табылды
Қатерлі ісікті емдеудің аса тиімді тәсілі табылды
2 жыл бұрын 1271 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Кембридж университетінің ғалымдары метастазды (қатерлі ісік жасушаларының бүкіл денеге таралуы) тоқтатуға көмектесетін әдісті тапты. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көп ұзамай ғалымдар осы әдіске негізделген жаңа дәрі жасауға кіріспек. Ондаған жылдар бойы зерттеушілер бүкіл денеге таралатын жойқын қасиетке ие обыр ауруын емдеу жолдарын қарастырып келеді. Талай жылға созылған олардың ізденісі зая кетпеді: сарапшылар қатерлі ісік метастаздарының басқа ағзаларға таралуының құпиясын ашты, дәлірегі, тетігін тапты. Кембридж ғалымдары натрия жылыстауының селективті емес арнасы (NALCN) деп аталатын  жасуша құрылымын зерттеген болатын. Ол жасуша мембранасында орналасқан әрі жасушаға тұздың енуі мен жасушадан тұздың шығу процесін бақылайды. NALCN, сонымен қатар, жасушалардың қанға түсуін басқарады, ал ол өз кезегінде басқа ағзаларға сіңеді. Бұған дейін мамандар метастазды тек қатерлі ісікке ғана тән ерекше процесс деп есептеген. Алайда, бұл олай емес екені белгілі болды, ал қатерлі ісік өзінің «мүдделерін» жүзеге асыру үшін сау жасушалардың функцияларын ғана пайдаланады.

Ұқсас материалдар:

"Қатерлі ісікті емдеуге қатысты екі жаңалық" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isikti-emdeuge-qatysty-eki-janalyq-16216/#gsc.tab=0);

"Қатерлі ісікті емдеудің жедел түрі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isikti-emdeudin-jedel-turi-tabyldy-4405/#gsc.tab=0);

"Қатерлі ісікпен күресуге арналған ДНҚ-құрылғы жасалды. Қатерлі ісік жасушасын жоятын молекула табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isikpen-kuresuge-arnalgan-dnq-qurylgy-jasaldy-qaterli-isik-jasushasyn-joyatyn-molekula-tabyldy-16486/#gsc.tab=0);

"Қатерлі ісікке мейлінше дәл әсер ету тәсілі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isikke-meilinshe-dal-aser-etu-tasili-tabyldy-16487/#gsc.tab=0);

"Қатерлі ісіктерді емдеу оңайлатылды: бұл арзанырақ және науқастарға ауруханаға барудың қажеті жоқ" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isikterdi-emdeu-onailatyldy-bul-arzanyraq-jane-nauqastarga-auruhanaga-barudyn-qajeti-joq-17260/#gsc.tab=0);

"Қатерлі ісікке қарсы жаңа дәрі. Қатерлі ісікті жарықпен бірнеше есе тиімді жолмен емдеу тәсілі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isikke-qarsy-jana-dari-qaterli-isikti-jaryqpen-birneshe-ese-tiimdi-jolmen-emdeu-tasili-tabyldy-17185/#gsc.tab=0);

"Ғалымдар озық технологияның көмегімен қатерлі ісік жасушаларын жойды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-ozyq-tehnologiyanyn-komegimen-qaterli-isik-jasushalaryn-joidy-14446/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат