Метастаздың бір құпиясы ашылды
Метастаздың бір құпиясы ашылды
2 жыл бұрын 1171 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Кембридж университетінің ғалымдары осы уақытқа дейін қалыптасқан метастаз туралы осы күнгі ұғым-түсінікті түбірімен басқаша түсіндіретін жаңалық ашты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Genetics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, қатерлі ісік жасушалары сау жасушалардың белсенділігін «қолды қылады», былайша айтқанда, «тартып алады», осылайша күллі денеге таралады. Бұл тараптағы таяуда жүргізілген зерттеу барысында тәжірибедегі онкологиялық дертке шалдыққан тышқан жасушаларындағы NALCN ақуызының белсенділігін қолдан басып тастаса, яғни, бұғаттаса, метастаз қарқын алады. Әрбірден соң бұл процесс тек қатерлі ісікке қатысты емес, өйткені, обырдан зардап шектпейтін жануарлардан NALCN жойылған кезде сау жасушалар өздерінің бастапқы тінінен көшіп, содан кейін басқа ағзаларға қосылады. Мәселен, ұйқы безінің сау жасушалары бүйрекке «жылжыған», онда олар қалыпты бүйрек жасушаларына айналады. Бұл нені білдіреді? Бұл метастаздың тек қатерлі ісік жағдайында болатын қалыпты процесс қана емес, сонымен қатар, дене жасушаларына тән әрекет екенін көрсетеді. Бұл жағдайда ісік жасушалары көшу үшін сау жасушаларды пайдаланады. Метастаз онкологиялық дертке шалдыққан науқастар өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылатынына қарамастан, олар әлі күнге дейін дәрілік заттардың әсер етуі мүмкін факторлар тұрғысынан терең зерттелмеген. Бұл жаңалық өз кезегінде емдеудің жаңа әдістерін жасауға мүмкіндік бермек.

Ұқсас материалдар:

«Қатерлі ісік метастазын тоқтататын тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isik-metastazyn-toqtatatyn-tasil-tabyldy-13085/#gsc.tab=0);

«Қан жасушасындағы нанобөлшектер өкпедегі метастазды емдеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-jasushasyndagy-nanobolshekter-okpedegi-metastazdy-emdedi-14441/#gsc.tab=0);

«Жасушаның жылжу тетігі анықталды. Бұл қатерлі ісіктің таралуын бақылауға мүмкіндік береді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasushanyn-jylju-tetigi-anyqtaldy-bul-qaterli-isiktin-taraluyn-baqylauga-mumkindik-beredi-15997/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат