Қатерлі ісіктерді емдеу оңайлатылды: бұл арзанырақ және науқастарға ауруханаға барудың қажеті жоқ
Қатерлі ісіктерді емдеу оңайлатылды: бұл арзанырақ және науқастарға ауруханаға барудың қажеті жоқ
2 жыл бұрын 1586 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Емдеу тәсілі 2018 жылы Нобел сыйлығын алған Джеймс Еллисон мен Тасуку Хонже әзірлеген антидене туралы деректерге негізделген. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған в Journal for ImmunoTherapy of Cancer мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тел-Авив және Лиссабон университеттерінің ғалымдары қатерлі ісіктен зардап шегетін барлық науқастар қол жеткізе алатын, яғни, онкологиялық ауруларды емдеуде антиденеге қарағанда арзан әрі мейлінше тиімді баламасы бола алатын иммундық терапия молекуласын жасады. Cәл шегініс: 2018 жылы Джеймс Еллисон мен Тасуку Хонжеге медицна саласы бойынша Нобел сыйлығы берілді – қатерлі ісікке қарсы иммундық жүйені белсендіретін жолды тапқаны үшін. Ғалымдар иммундық Т-жасушасының Т-клеткасының (жасушасының) белсенділігін басатын ақуызды экспрессиялайтынын (гендегі тұқым қуалайтын ақпаратты нақты өнімдерге, атап айтқанда, ақуыздарға немесе РНҚ-ға айналдыратын процесс) анықтады. Бұл процесс қатерлі ісікте экспрессияланатын PD-L1 ақуызымен байланысқанда орын алады. Шындығында, PD-1 және PD-L1 арасындағы өзара әрекет қатерлі ісік жасушаларының Т-жасушаларын сал етіп тастайды, яғни жансыздандырады, осылайша олардың қатерлі ісікке қарсы қорғануына жол бермейді. Тасуку Хонже PD-1 немесе PD-L1-ді бейтараптандыратын антиденелерді әзірледі. Алайда, бұл жаңалықты клиникалық тәжірибеде қолдану оңай емес. Мәселе мынада - антиденелерді өндіру қымбат және барлық пациенттерге бұл тәсіл жарамайды. Сонымен қатар, антиденелер қатты ісікке ену үшін тым үлкен болғандықтан бұл әдіс қатерлі ісіктің барлық түрін емдеуге келмейді. Зерттеушілер биоинформатика мен деректерді талдау құралдарын біріктіріп, ықшам әрі тиімді балама жасады. Рита Акурсио мыңдаған молекулалық құрылымдарды зерттеді. Содан кейін, дәрілердің моделдері мен деректер базасын пайдалана отырып, ғалымдар ең жақсы нұсқаны тапты. Зерттеудің екінші кезеңінде биологтар кішірек молекуланың қатерлі ісікті антиденелер сияқты тиімді басқаратынын растады. Адамның Т-жасушасы жасалған жануарлардағы PD-L1 ақуызын тежейді. Былайша айтқанда, ғалымдар бұл тарапта PD-1/PD-L1 ақуыздарын тежейтін әрі иммундық жүйені қатерлі ісікке қарсы қоятын молекуланы жасаған. Сондай-ақ, жаңа молекула антиденелерді емдеуге қарағанда әлдеқайда арзан. Оны жасау үшін сізге арзан және қарапайым құрал-жабдық қажет. Сонымен қатар, емделушілер стационарда көктамыр ішіне ине енгізу машақатынан құтылады, үйде дәрі қабылдағандай ем алу мүмкіндігіне ие болады.

0 пікір
Мұрағат