|
Қартаю процесінің үш шешуші кезеңі аталды
|
Геронтолог биологиялық бірегей жағдай ретінде адам ғұмырының ең шешуші үш кезеңі туралы айтты. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ресейлік биология ғылымының докторы Алексей Москалев аталған кезеңнің алғашқысы 45 жаста басталатынын жеткізді – адамның репродуктивті қызметі аяқталады. Ал 60 жасында жасушалардың бөлінуі мен тіннің қалпына келуі баяулайды. 75 жаста қорғаныш кедергілері істен шыға бастайды, яғни, адамның денсаулығы сыр береді. Десе де ғалым мұндай биологиялық кезеңдер адамның өмір сүру салтына, қоршаған ортасына, әдеттеріне, экологияға, стрестік жағдайларға, тб факторларға байланысты біреуінде ерте, енді біреуінде сәл кешірек болатынын атап өтті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Адамды жасырын бақылайтын желі аталды
■
Иран жыл басынан бері кем дегенде 900 адамды өлім жазасын кесіп, рекорд орнатты
■
Үндістанда сиыр зәрін қолдан жасайтын алаяқтармен күрес күшейтілді
■
Жұмыссыздарға енді бос жұмыс орындары туралы ақпарат келіп отыратын болады
■
Алматыда алғаш рет сауда орталығында кітап беру пункті ашылды