Дерматолог дәрігер сақалдың үш пайдасын айтты
Дерматолог дәрігер сақалдың үш пайдасын айтты
2 ай бұрын 6189 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Наталья Козлова есімді  жоғары категориялы дерматолог дәрігер әрі медицина ғылымдарының кандидаты сақал мен мұрттың бір емес, бірнеше пайдасы барын алға тартты. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі орыс тілінде хабар тарататын «Аргументы и факты» мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресейлік маманның айтуынша, сақал мен мұрт бет терісін ультракүлгін сәуледен қорғап, осылайша терінің қатерлі ісігінің алдын алады. Сондай-ақ, теріні құрғап кетуден, яғни, табиғи ылғалдылығын сақтауға ықпал етеді. Бұдан бөлек, сақал мен беттегі түк сүзгі ретінде қызмет етіп, аллергендік ықтимал реакцияны азайтады. Осы айтылғандардан өзге әдетте мұрт қойып, сақал жібергендер қырынып жатпайтындықтан тері жарақат алу қатерінен ада болады. Білікті дәрігер осылай дей келе сақал мен мұртты ұдайы таза ұстауға кеңес береді, тазалық талаптары сақталмаған жағдайда ол бактериялар ұясына айналып, түрлі тері ауруларына бастайтынын ескертті.

0 пікір
Мұрағат