Денсаулықтың ең басты факторы анықталды
Денсаулықтың ең басты факторы анықталды
4 жыл бұрын 6132 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаңа Зеландиядағы Отаго университетінің ғалымдары адамның психикалық денсаулығына ең қатты әсер ететін басты факторды анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Science Alert мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш зерттеуге Жаңа Зеландия мен АҚШ-тан 18-25 жас аралығындағы 1111 адам өз еркімен қатысқан екен. Олар онлайн-сауалнама арқылы ұйқы режимі мен қанша уақыт ұйықтайтынын, қимыл-қозғалыс белсенділігі, тұтынатын азықтары, т.б. туралы сауалдарға жауап берді. Бұдан бөлек, өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, дене салмағы, тұтынатын ішімдік мөлшері жайында, тіпті, күніне қанша шылым шегетінін де ұмытпай немесе жасырмай баяндап берген көрінеді. Ғалымдар олардың жауаптарын сараптай келе адамның күйзеліске бой алдыруына ең басты себепті тапты: ол – ұйқы! Ал екінші және үшінші факторларда да ұйқының маңызы зор болып шыққан, мәселен, екінші факторда ұйқы мен қимыл-қозғалыс белсенділігі қатар аталған. Әлбетте, адамның тұтынатын тағамы мен ұстанатын диетасы денсаулыққа сөзсіз ықпалын тигізген, алайда, олар күйзеліске бастайтын себеп бола алмайды.

0 пікір
Мұрағат