Портативті санитайзер суық плазмамен кез келген нәрсені дем арасында залалсыздандырады (видео)
Портативті санитайзер суық плазмамен кез келген нәрсені дем арасында залалсыздандырады (видео)
4 жыл бұрын 2434 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мичиган университетінің (АҚШ) инженер профессорлары суық плазманың көмегімен микробтарды жоюға арналған футуристік құрылғы жасап шығарды. Аталмыш құрылғы сиқырлы тақша тәрізді - шағын таяқшадан барлық тіршілік иесіне аса қауіпті сәуле суырылып шығады да күлдей ұсақ микробтарды түгін қоймай құртады. Бұл құрылғы АҚШ-тың ұлттық ғылыми қорынан жедел грантқа ие болып үлгерген. Соған қарамастан тәжді тажалмен күресте бәрібір кешігіп қалды. Бұл санитайзерде суық плазма деп аталатын қолданылады. Онда ионизирленген орта жылу әсерімен емес, аса күшті электромагниттік поля арқылы атмосфералық ауаны айдаудан пайда болады. Нәтижесінде  молекуланың қалдығы аралас «атомдар көжесі» алынады – негізгі белсенді компоненті ретінде оттегі ионы алға шығады. Ол көміртегімен реакцияға түсіп, оның молекуласын тартып, микробтар мен вирустардың органикалық құрылымын бұзатын болады. Бұл құрылғының басты артықшылығы ретінде әдеттегі тәсілмен залалсыздандыруға келмейтін жұмсақ заттар мен материалдардың беткі жағын залалсыздандыратынын айтуға болады. Жоғары температураның болмауы, механикалық әсерін тигізбеуі, улы заттардың болмауы залалсыздандырылатын заттар мен бұйымдардың бүлінбеуіне кепілдік бола алады. Санитайзердің коммерциялық мақсаттағы нұсқасын жасаудың өзіне кем дегенде жарты жыл кетеді. Қазіргі өршіп тұрған жұқпалы індет секілді болашақта ықтимал қауіп-қатердің кеңінен таралмауына көп көмегін тигізетін инновациялық құралға айналады.

0 пікір
Мұрағат