Кәмелет жасына толмағандарға өлім жазасы қолданыламайтын болды
Кәмелет жасына толмағандарға өлім жазасы қолданыламайтын болды
4 жыл бұрын 1385 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі кәмелет жасына толмағандарға өлім жазасын қолдану тәжірибесінен бас тартады. Бұл жайында Associated Press ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш араб елінің монархы Салман бен Әбдіәзіз әл Саудтың жарлығына сәйкес ауыр қылмыс жасаған кәмелет жасына толмағандар он жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Десе де террористік әрекетімен көзге түсіп, қолға түскен кәмелет жасына толмағандарға өлім жазасын қолдану ережесі күшінде қалады. Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың соңында Саудия билігі кәмелет жасына толмай тұрып қылмыс жасағандарды түрмеге қамау мерзімін он жылға дейін қысқартқан болатын. Бұдан бөлек, кеше, яғни, сәуір айының 27-і күні сайтымыздың жаңалықтар таспасында «Дүрелеуді жазаның басқа түрімен алмастырды» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/dureleudi-jazanyn-basqa-turimen-almastyrdy-13507/#gsc.tab=0) деген тақырыппен  хабарлағанымыздай, Саудияның жоғарғы сотының шешімімен дүрелеп жазалау түрін айыппұл салу немесе абақтыға жабу секілді жаза түрлерімен алмастырғанын жазған болатынбыз. Адам құқығын қорғау бағытында жүргізіліп жатқан реформа аясында.

0 пікір
Мұрағат