Пластикті жоюдың тағы бір әдісі пайда болды
Пластикті жоюдың тағы бір әдісі пайда болды
2 ай бұрын 770 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл саладағы бірегей әдісте электр өрісі пайдаланылады. Ал бұл тәсіл өз кезегінде қоршаған ортаға бөлінетін зиянды заттар мөлшерін айтарлықтай азайтады. Бұл жайында islam.kz порталы e3s-conferences.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұл арада ресейлік Оны Вятка мемлекеттік университетінің білікті мамандары ойлап тапқан әдіс турасында сөз болып отын. Олар табиғатқа тигізетін кері әсерді азайту үшін қалдықтарды электр өрісінде - арнайы қондырғыда жағуды немесе өртеуді ұсынып отыр. Ғалымдар бүкіл әлемде қоқыстардың бірдей жіктелетінін атап өтті. Ал оларды жою әдісі затқа және басқа факторларға байланысты өрбиді. Пластмасса - қалдықтардың ең қиын түрлерінің бірі. Оның ыдырауы қиын, жойылған кезде улы заттар бөлініп, қоршаған ортаға орасан зор залалын тигізеді. Соның ішінде пластиктен әзірленген медициналық тауарлар қалдығы ең қауіптісі саналады. Әдетте мұндай қалдықтарды өртеу кезінде қоршаған ортаға адам мен жануарлар денсаулығына аса қауіпті канцерогенді диоксин, көмірқышқыл газын және өзге де улы заттар бөледі. Ресейлік ғалымдардың мұндай қалдықтармен күресудің тың тәсілі пластиктен жасалған медициналық бұйымдарды электростатикалық өрісте жағуды ұйғарады. Вятка мемлекеттік университетінің зерттеушілері жалынның ішінде зарядталған бөлшектердің болатынын атап өтті. Олар электр өрісімен әрекеттесе алады. Осы өзара әрекеттесу арқасында жалын бір бағытта болып,  жану тиімділігін арттырады. Бұл тарапта арнайы жүргізілген тәжірибе нәтижесі сәтті аяқталды: жану кезінде бөлінетін көміртегі тотығының мөлшері 20-30%-ға азайған. Ғалымдар өздері әзірлеген қоқыс пешінің арнайы үлгісін пайдаланған. Құрылғы әртүрлі жану әдістерін моделдеуге мүмкіндік береді. Сарапшылар жаңа әдісті зерттеуді және жетілдіруді жалғастырады, сарапшылар атап өткендей, оны тек кәсіби мамандардың қатаң қадағалауымен жүзеге асыруға болады.

Ұқсас материалдар:

«Бұрын қайта өңдеуге келмейтін пластикті ыдыратудың жолы табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/buryn-qaita-ondeuge-kelmeitin-plastikti-ydyratudyn-joly-tabyldy-20213/#gsc.tab=0);

«140 күнде пластикті ыдырататын саңырауқұлақ табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/shybynnan-biologiyalyq-turgydan-ydyraityn-plastik-jasalady-19085/#gsc.tab=0);

«Улы пластикпен қоректенетінбактериятабылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/uly-plastikpen-qorektenetin-bakteriya-tabyldy-13404/#gsc.tab=0);

«Картоп крахмалынан суда еритін пластик жасалды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/kartop-krahmalynan-suda-eritin-plastik-jasaldy-18334/#gsc.tab=0);

«Пластикті залалсыздандырудыңтағыбіртәсілітабылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/plastikti-zalalsyzdandyrudyn-tagy-bir-tasili-tabyldy-15793/#gsc.tab=0);

«Бірнеше күндеыдырапжоғалатынпластикжасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/birneshe-kunde-ydyrap-jogalatyn-plastik-jasaldy-17911/#gsc.tab=0);

«Бір жылда ыдырап жоғалатынпластикжасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bir-jylda-ydyrap-jogalatyn-plastik-jasaldy-14245/#gsc.tab=0);

«16 сағатішіндепластиктіыдырататынферменттабылды. Пластикті қорекетіп қорытатын құрттабылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/16-sagat-ishinde-plastikti-ydyratatyn-ferment-tabyldy-plastikti-qorek-etip-qorytatyn-qurt-tabyldy-16953/#gsc.tab=0);

"Пластикті бір тәуліктежоқ қылатынферменттабылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/plastikti-bir-taulikte-joq-qylatyn-ferment-tabyldy-16776/#gsc.tab=0);

«Суда іріп, ыдырап жоғалатынпластиктер» (https://islam.kz/kk/news/arturli/suda-irip-ydyrap-jogalatyn-plastikter-15771/#gsc.tab=0);

«Палма майының қалдығынанбиологиялықыдырауыжылдампластикжасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/palma-maiynyn-qaldygynan-biologiyalyq-ydyrauy-jyldam-plastik-jasaldy-14395/#gsc.tab=0)

«Шыбыннан биологиялық тұрғыдан ыдырайтын пластик жасалады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/shybynnan-biologiyalyq-turgydan-ydyraityn-plastik-jasalady-19085/#gsc.tab=0);

«Улы пластикпен қоректенетін бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/uly-plastikpen-qorektenetin-bakteriya-tabyldy-13404/#gsc.tab=0);

«Пластикті қайта мұнайға айналдыру технологиясы пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/plastikti-qaita-munaiga-ainaldyru-tehnologiyasy-paida-boldy-16032/#gsc.tab=0);

«Пластик пакеттен экологиялық дизелді отын алынды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/plastik-paketten-ekologiyalyq-dizeldi-otyn-alyndy-16118/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат