Пластикті қайта мұнайға айналдыру технологиясы пайда болды
Пластикті қайта мұнайға айналдыру технологиясы пайда болды
3 жыл бұрын 3943 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық Honeywell International компаниясы пластик қалдықтарын отын үшін шикізатқа айналдыратын терең өңдеу технологиясын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы bloomberg.com іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өздеріңіз білесіздер, сайтымыздың жаңалықтар таспасында қоршаған ортаға аса қауіпті пластикті ыдырату немесе қайта кәдеге жарату бағытында талай ғылыми ізденіс нәтижелері турасында үзбей материал беріп келеміз. Алайда, оны қайта мұнайға айналдыру турасында тұңғыш рет жариялап отырмыз. Аталмыш компания пластикті мұнайға қалай айналдыратыны турасында жақ ашпай отыр. Алайда, мұндай технология қолданылатын зауыт құрылысы басталып та кетті – 2023 жылы іске қосылады жоспар бойынша. Bloomberg агенттігінің дерегіне қарағанда, бүгінде әлемде пластик қалдықтарының 2 %-ға жетер-жетпес бқлігі ғана өңдеуге жіберіледі. Көбінесе оны өртейді (шамамен 50 %-ы өртеледі), 30 %-дайы әлемдік мұхитқа тап болады. Honeywell International өкілдерінің хабарына сенсек, пластик қалдықтарының кем дегенде 90 %-ын қайта мұнайға айналдырады. Бұл технология, сондай-ақ, энергетикалық тапшылықтың орнын толтыруға да мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат