«Мәңгілік химиялық заттарды» жоюдың жаңа әдісі айтылды
«Мәңгілік химиялық заттарды» жоюдың жаңа әдісі айтылды
17 күн бұрын 831 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Канадалық ғалымдар әзірлеген катализатор небәрі үш сағатта судағы PFAS (мәңгілік химиялық заттар) мөлшерін 90%-ға дейін жояды. Бұл нарықтағы ұқсас құралдарға қарағанда айтарлықтай жылдам жоюға мүмкіндік беретін құрылғы. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Суды адам мен жануарлар енсаулығына зиянды және қоршаған ортаға залалын тигізетін «мәңгілік химиялық заттардан» тазарту үшін екі негізгі әдіс қолданылды: сүзетін немесе ыдыратылатын әдіс пайдаланылатын құралдар. Десе де британдық Колумбия университетінің химия инженерлері бұл қауіпті заттарды тез әрі арзан аулайтын және ыдырататын тың тәсілді тапты. PFAS немесе «мәңгі химиялық заттар» ретінде белгілі перфторалкил және полифторалкил  биологиялық тұрғыдан ыдырамайтын синтетикалық химиялық заттар тобына жатады, сондықтан «мәңгі заттар» деп аталады. Олар қоршаған ортаға және адамдарға қауіп төндіреді. Көптеген қолданыстағы ерітінділер тек адсорбциялай (сіңіре) алады, ал басқалары химиялық заттарды ыдыратуға арналған. Мәселен, белсендірілген көмір, оның кеуекті құрылымы ауыз судан PFAS заттарын тиімді аулайды және сақтайды. Алайда, көмір бұл заттармен қаныққаннан кейін оның құрамына енген химиялық заттарды қоршаға ортаға жібермей бәрібір жою керек. Бұл қиындық тудырады. Осыны ескерген ғалымдар бұл тарапта арнайы материал жасады: ол жарық әсерімен PFAS-ты сіңіріп, екі сатыдан тұратын процесс арқылы аз уақытта ыдыратады. Бұл материал темір оксидінен және графиттік көміртектен тұрады және зиянды заттардың қауіпсіз компоненттерге ыдырау процесін жеделдететін катализатор ретінде жұмыс істейді. Фотокатализаторға жарық қажет. Дегенмен, PFAS-ты жоюдың жаңа жүйесі басқа әдістер сияқты қарқынды ультракүлгін сәулені қажет етпейді. Төмен жарық деңгейінде де аталмыш технология ең көп қолданылатын және зерттелген PFAS химиялық заттардың біріне жататын перфтороктан қышқылының (PFOA) 85% -дан астамын жоя алады. Ғалымдар бұл құралмен тек, мәңгілік химиялық заттарды ғана емес, сонымен қатар, өзге де ластаушы заттарды жоюға болатынын алға тартып отыр.

Ұқсас материалдар:

«Керамикалық «вафелдер» судан жойылмайтын химиялық заттарды аулайды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/keramikalyq-vafelder-sudan-joiylmaityn-himiyalyq-zattardy-aulaidy-20717/#gsc.tab=0);

"Мәңгілік химиялық заттар жарық әсерінен бір түнде ыдырайды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/mangilik-himiyalyq-zattar-jaryq-aserinen-bir-tunde-ydyraidy-20598/#gsc.tab=0);

"Улы «мәңгілік химиялық заттардың» тері арқылы қанға өтетіні анықталды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/uly-mangilik-himiyalyq-zattardyn-teri-arqyly-qanga-otetini-anyqtaldy-20476/#gsc.tab=0);

«Канадалық стартап «мәңгілік химиялық заттарды» жою үшін миллиондаған доллар жинады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kanadalyq-startap-mangilik-himiyalyq-zattardy-joyu-ushin-milliondagan-dollar-jinady-20345/#gsc.tab=0);

«Магниттердің көмегімен су жарты минутта «мәңгілік химиялық заттардан» тазартылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/magnitterdin-komegimen-su-jarty-minutta-mangilik-himiyalyq-zattardan-tazartyldy-video-18073/#gsc.tab=0);

«Мәңгі химикаттарды» қауіпсіз жолмен жоюдың әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mangi-himikattardy-qauipsiz-jolmen-joyudyn-adisi-tabyldy-17279/#gsc.tab=0);

«Суды «мәңгі химикттардан» тазарту тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sudy-mangi-himikttardan-tazartu-tasili-tabyldy-16835/#gsc.tab=0);

«Адамзатқа қауіп төндірген «мәңгілік химиялық заттарды» жоятын реактор жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adamzatqa-qauip-tondirgen-mangilik-himiyalyq-zattardy-joyatyn-reaktor-jasaldy-17388/#gsc.tab=0);

«Әлем бойынша жауын суындағы химикаттар шектен тыс көбейіп кеткен» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alem-boiynsha-jauyn-suyndagy-himikattar-shekten-tys-kobeiip-ketken-17233/#gsc.tab=0);

«Адам организімінен 55 жаңа химиялық элемент табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-organiziminen-55-jana-himiyalyq-element-tabyldy-14971/#gsc.tab=0);

"Пестицидттен жойылмайтын улы химикаттар табылды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/pestitsidtten-joiylmaityn-uly-himikattar-tabyldy-20560/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат