Паразит тіршілігін жалғастыру үшін өз митохондриясын иесінікіндей етеді
Паразит тіршілігін жалғастыру үшін өз митохондриясын иесінікіндей етеді
3 жыл бұрын 2592 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Глазго университетінің мамандары Стокгольм жоғарғы оқу орнындағы әріптестерімен бірігіп, таяуда жүргізген зерттеу нәтижесі Nature Communications мерзімді басылымында жарияланды. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу материалында айтылғандай, кейбір паразиттер түрлі иелерінің (яғни, жұққан адамның) организімінде аман қалу үшін өзіне қажетті энергияны тудыру мақсатында жасуша құрылымын өзгерте алатын болып шықты.

Малярия және токсоплазмоз – паразиттер тудыратын, өлім қатері аса жоғары қауіпті ауру түрлері; аталған дертке шалдықтыратын паразиттер өз иесінің энергетикалық ресурсын өзге біреуге жұғуы үшін пайдаланады. Десе де ғалымдарға әлі күнге бұл процестің тетігі белгісіз болып отыр.  Ғалымдар бұл жұмбақтың да шешімін тапты: паразиттер біреуден өзге біреуге жұғуы үшін бұл процесті қалай басқаратыны белгілі болды.

Токсоплазмоз — Toxoplasma паразитінен пайда болатын ауру; адамзаттың шамамен 33% аталған кеселге шалдыққан. Алайда, мұндай дерті барын адамдардың көбісі біле бермейді. Бұл аурудың симптомы білінбейді, алайда, адам иммунитеті әлсірегенде бас көтереді. Нәтижесінде ми зақымдалып, инсульт қатерін арттырады. Токсоплазмоз  әдетте шала піскен ет арқылы немесе мысықтың нәжісінен жұғады адамға. Ал малярия маса шаққаннан пайда болатын инфекциялық ауру; бүгінде аталған кеселге шалдыққандар қарасы әлем бойынша 200 млн-нан асады әрі жыл сайын бір жарым млн адамның өмірін жалмайды. Негізінен балаларды баудай түсіреді.

Ғалымдар бұл процестің сырын ашу үшін паразиттердің тіршілік етуіне аса қажетті энергия өндіретін АТФ-синтазын зерделенген болатын. Осы орайда оқырмандарға түсінікті болу үшін АТФ-ның не екенін айта кетпекпіз: Аденозинтрифосфа́т немесе Аденозинтрифосфорлы қышқыл — организмде зат және энергия алмасуда маңызды рөл ойнайтын нуклеозидтрифосфат. АТФ — тірі жүйелердегі, соның ішінде ферменттердің қалыптасуына әсер ететін барлық биохимиялық процестердің, әмбебап қайнар көзі. Бұл арада АТФ-синтазы энергия өндіруден бөлек энергияның жылдамдығын бақылай отырып митохондриалды мембрананы қалыптастыруы мүмкін. Ғалымдар аталған паразиттердің АТФ-синтазы өз иесінің организіміндегі сол жүйе өндіретін өзгеше, бес бұрышты пирамидалық құрылым түзе алады. Осы зерттеуге атсалысқан Глазго университетінің дәрігері Лилач Шейнер паразиттердің біреуден екіншісіне жұғуы кезінде бөгде организмді жатырқамай, жаңа ортаға бейімделу қабілетін қаперге ала отырып, паразиттердің өзге организмге жұғу кезінде оның бұл тетігіне жол бермейтін дәрі жасауға көмектесетінін жеткізді.

(ықшамдалып алынды)

0 пікір
Мұрағат