Жеңгетайлықпен айналысқан азаматтар ата-ана құқығынан айырылады
Жеңгетайлықпен айналысқан азаматтар ата-ана құқығынан айырылады
3 жыл бұрын 1765 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Тәжікстан парламенті республиканың Отбасы кодексіне қосымша тармақтар қосып, түзету енгізді. Аталмыш түзетуге сәйкес адамның жыныстық еркіндігіне қол сұққандар және он алты жасқа дейінгілерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлегендер, сондай-ақ, жеңгетайлықпен айналысып, азғындық жолға шақырғандар ата-ана құқығынан айырылады. Бұл жайында islam.kz порталы МедиазонаЦА ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ел аумағында қолданыстағы Отбасы кодексінің 69-шы бабы бойынша ата-ана алимент төлемегенде, балаларға қатал қарағанда, яғни, балалардың денсаулығына залал келтіргенде, сондай-ақ, маскүнемдікке салынғанда және есірткіге еліткенде ата-ана құқығынан айырылатын. Соңғы жарты жыл ішінде тәжік елінде кәмелет жасына толмаған 16 бала зорлық көрген фактісі тіркелген. Бұл фактілердің өзі бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде дабыл қағылған соң анықталған. Белгісіздері қаншама. Осынау келеңсіздіктерге байланысты белсенді азаматтар кәмелет жасына толмағандарды зорлағандарға жазаны қатайту туралы талап қойған болатын.

0 пікір
Мұрағат