Таяуда табылған маймыл түрінің жойылу алдында тұрғаны белгілі болды (видео)
Таяуда табылған маймыл түрінің жойылу алдында тұрғаны белгілі болды (видео)
4 жыл бұрын 4445 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар таяуда ғана Мьянма аумағындағы орман-тоғайын мекен ететін приматтың, яғни, маймылдың жаңа түрін тапқан болатын. Лангур маймылының бұл түрінің жойылу алдында тұрғаны ғалымдарды алаңдатып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Zoological Research мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Popa langur деген атау приматтардың үлкен популяциясы – жүз шақты түрі тіршілік ететін сөнген жанартаудың құрметіне байланысты берілген. Бүгінгі таңда жабайы табиғатта олардың 200-250-і ғана қалғандықтан Popa langur «жойылу қатері төнген» түр ретінде жіктеледі. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Flora & Fauna International (FFI) ұйымының Фрэнк Момберг есімді ғалымы AFP ақпарат көзіне берген сұхбатында олардың тіршілік ету ортаасының тарылуы мен браконерлердің заңсыз аулауынан аталмыш маймылға жойылу қатері төніп тұрғанын жеткізді. Бүгінгі таңда лангурлардың 20-дас аса түрі бар, алайда, олардың көбісі жойылу алдында тұр.

0 пікір
Мұрағат