Өсімдік генін өзгертетін спрей жасалды
Өсімдік генін өзгертетін спрей жасалды
2 жыл бұрын 1489 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар өсмідіктің генін спреймен өзгертуге болатын әдісті ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тәсіл өз кезегінде ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өсуін, солып қалмауын, жеміс беруің басқаруға мүмкіндік бермек. Алымдар бұл бағытта негізінен ауыл шаруашылық өсімдіектеріне бүркуге болатын биологиялық белсенді молекулалар жасамақ болған еді. Мұндай биоактивті молекулалар өсімдіктің нақты бір генінің белсенділігін оятып немесе басу үшін өсімдік жасушаларына ене алатындай болуы тиіс. Аталмыш зерттеу барысында ғалымдар амин қышқылдарының тізбегіне немесе жасушаға ене алатын пептидтер (CPPs) деп аталатындарына назар аударған еді. Бұрынғы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мұндай пептидтер молекулаларды өсімдік жасушаларының ішіндегі құрылымдарға, мысалы, хлоропласттарға жеткізе алады. Бұл жағынан алғанда қандай пептидтердің жақсы жұмыс істейтінін анықтау үшін ғалымдар сары флуоресценциямен бірнеше табиғи және синтетикалық CPP-лерді белгілеп, содан кейін оларды салат жапырақтарына, соя бұршақтарына және қызанақтарға шашады.Соданс соң тәжірибе жүргізілген өсімдіктердің жапырақтарын конфокалды сканерлеуші лазерлік микроскоптың көмегімен зерделеп көрген екен. Нәтижесінде кейбір пептидтердің өсімдіктердің жасушаларына сәтті енгенін анықтаған. Сондай-ақ, ДНҚ фрагменттері - плазмидалар бар, олар көбінесе бөтен гендерді, мысалы, өсімдіктерге тасымалдау үшін қолданылады. Бүркуге болатын CPP арқылы оларды жапырақтарға жеткізуге болады. Осыдан кейін ғалымдар белсенді сары флуоресценциясы бар генетикалық түрлендірілген өсімдікті пайдаланды. Олар бұл белсенділікке кедергі келтіретін РНҚ-ны CPP-ге бекітіп, содан кейін оны өсімдіктің жапырақтарына шашыратып, GM әсерін баса алды.

Ұқсас материалдар:

«Өсімдіктің құрғақшылыққа қалай қарсылық көрсететіні (тетігі) анықталды – астық түсімін арттыратын жаңалық» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktin-qurgaqshylyqqa-qalai-qarsylyq-korsetetini-tetigi-anyqtaldy-astyq-tusimin-arttyratyn-janalyq-16453/#gsc.tab=0);

"Қытайлар аштықпен күресудің тың тәсілін ойлап тапты" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytailar-ashtyqpen-kuresudin-tyn-tasilin-oilap-tapty-16441/#gsc.tab=0);

«Астық немесе жеміс түсімін арттыратын биометан жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/astyq-nemese-jemis-tusimin-arttyratyn-biometan-jasaldy-16402/#gsc.tab=0);

"ГМО өсімдік климат дағдарысынан құтқарады" (https://islam.kz/kk/news/arturli/gmo-osimdik-klimat-dagdarysynan-qutqarady-16401/#gsc.tab=0);

"Климат өзгерісі мен азық-түлікке сұраныс биологиялық түрлердің тіршілік ету ортасын 80 жылдың ішінде 23%-ға тарылтады" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisi-men-azyq-tulikke-suranys-biologiyalyq-turlerdin-tirshilik-etu-ortasyn-80-jyldyn-ishinde-23-ga-taryltady-14378/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктірдің аптап ыстыққа төтеп беруіне көмектесетін бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktirdin-aptap-ystyqqa-totep-beruine-komektesetin-bakteriya-tabyldy-15017/#gsc.tab=0);

«Құрғақшылыққа төзімді ету үшін өсімдіктердің метаболизмін өзгертпек» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qurgaqshylyqqa-tozimdi-etu-ushin-osimdikterdin-metabolizmin-ozgertpek-14307/#gsc.tab=0);

«Күріш революциясы» (https://islam.kz/kk/news/alem/kurish-revolyutsiyasy-11122/#gsc.tab=0);

«Аптап ыстыққа төзімді бидай шығарылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/aptap-ystyqqa-tozimdi-bidai-shygaryldy-13540/#gsc.tab=0);

«Бидайдан гөрі жаһандық жылынуға төтеп беретін астықты өсімдік» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bidaidan-gori-jahandyq-jylynuga-totep-beretin-astyqty-osimdik-14713/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктің суды үнемдеуіне мүмкіндік беретін тың тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktin-sudy-unemdeuine-mumkindik-beretin-tyn-tasil-tabyldy-15051/#gsc.tab=0);

"Пісірген кезде канцероген аз бөлінетін бидай өсіріле бастайды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/pisirgen-kezde-kantserogen-az-bolinetin-bidai-osirile-bastaidy-15801/#gsc.tab=0);

«Өсімдікті аз уақыт ішінде қалпына келтірудің әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdikti-az-uaqyt-ishinde-qalpyna-keltirudin-adisi-tabyldy-16416/#gsc.tab=0);

"Өсімдіктің зақымдалған жері қалай қалпына келеді - регенерация тетігі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktin-zaqymdalgan-jeri-qalai-qalpyna-keledi-regeneratsiya-tetigi-tabyldy-14717/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат