Өсімдіктің шөп қоректі жануардан қорғанатыны тұңғыш рет байқалды
Өсімдіктің шөп қоректі жануардан қорғанатыны тұңғыш рет байқалды
2 жыл бұрын 1960 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Копенгаген университетінің ғалымдары өсімдіктің азыққа айналмасы үшін қорғанатынын анықтады. Ғалымдар бұл фактіні алғаш рет тіркеді. Бұл жайында islam.kz порталы pnas.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Копенгаген қаласындағы аталмыш жоғарғы оқу орнының өсімдік пен қоршаған орта туралы ғылым департаментінің сарапшылары осылайша өсімдіктің қорғанатынын растады. Осы уақытқа дейін ғылыми ортада өсімдіктің өзін қауіп-қатерден қалай қорғайтыны ұмбақ болып келген еді. Яғни, өсімдіктің өз-өзін қорғау тетігі белгісіз болатын. 1974 жылдан бері ғалымдар тарапынан жүргізіліп келе жатқан қадағалау мен бақылау нәтижесі бойынша түрлі теория айтылғанымен олардың бірде-біреуі ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген еді. Бұл жолғы зерттеу барысында кәрі жапырақтардың жас жапырақтарды қорғау үшін өзін құрбандыққа шалатынын көрсетіп берді. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен профессор Барбара Энн Халкиер осындай пікір білдіріп отыр. Бұдан бөлек, өсімдік арннайы химиялық қорғаныс тетегіне ие: ол қыша секілді зат бөледі, нәтижесінде ауызды күйдіретін болады. Бұл бағыттағы тәірибе кезінде бұл дерек расталды. Бұл жаңалық несімен бағалы? Ең алдымен ауыл шаруашылық өсімдіктерін жәндіктерден, күйеден, өзге де зиянкестерден қорғауда пайдалануға болады.

0 пікір
Мұрағат