Мұнай тәуелділігінен құтқаратын «вакцина»
Мұнай тәуелділігінен құтқаратын «вакцина»
5 жыл бұрын 3465 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тория – энергетикалық әлеуеті орасан зор металл. Ол жақын болашақта әлемді мұнайға тәуелділіктен құтқаратын «вакцинаға» айналады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, торилік атом реакторының энергетикалық әлеуеті  уранмен жұмыс істейтін атом реакторына қарағанда 200 есе зор. Уран атом реакторына отын болуы үшін тазалаудың күрделі процедурасынан өтеді, ал ториді тазалаудың қажеті жоқ әрі тиімді отын ретінде қалдықсыз пайдалануға болады. Бұған қоса, торилік өндірістен қалған қалдықтың  радиоактивтілігі ядролық қалдыққа қарағанда 10 000 есе кем. Бір тонна тория 200 тонна уранды немесе 3 млн тонна көмірді алмастыра алады. Осыған қарап-ақ, торидің әлеуеті қаншалықты орасан екенін аңғаруға болады. 1984 жылы физика саласы бойынша Нобел сыйлығының иегері Карло Руббианың айтуынша, тория болашақ энергетикасы. Ол аталған металды егжей-тегейлі зерттеген ғалым. Оның физикалық қасиетін ескере отырып, торидің энергетикалық әлеуетін жоғары бағалады. Мәселен, торидің бір уысы Лондон мегаполисін бір апта бойы жарық қыла алады. Сондай-ақ, торимен жұмыс істейтін реактор көмірқышқыл газын бөлмейді. Яғни, қоршаған ортаға зияны жоқ деуге болады. Сөз орайы келгенде мынадай мәлімет келтіре кеткен артық болмас: Торияның әлемдік қорының 14 пайыздан астамы АҚШ аумағында. Осының өзі Солтүстік Америка құрлығын 10 000 ыл бойы энергиямен қамтамасыз етуге жеткілікті. Қытай 2020 жылы алғашқы торилік реактор салуға бел байлап отыр. Бұдан бөлекғ қазіргі уақытта әлемнің жетекші автокомпаниялары торилік қозғалтышты құрастыруға мүдделілік танытып отыр. Өйткені, бар-жоғы 1 грамм тория 28 000 жанар-жағармайды алмастыра алады, орташа есеппен алғанда 8 грамм торимен бір ғасыр бойы жүре беруге болады.

0 пікір
Мұрағат