Келешектегі медицина: D дәруменін "тарту ететін" ультракүлгін светодиод
Келешектегі медицина: D дәруменін "тарту ететін" ультракүлгін светодиод
4 жыл бұрын 2435 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Күннің ультракүлгін сәулесінің адамға тигізер зияны турасында жиі айтылғанымен оның организмге аса қажетті D дәруменін істеп шығаратынын ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл арада ультракүлгін светодиоды күн сәулесі түсе бермейтін немесе жете қоймайтын жерлерде күн сәулесін алмастыра алатын, яғни, күн сәулесінің қауіпсіз боламасы бола алатын ультракүлгін светодиоды турасында сөз болып отыр. Жапон ғалымдарының бұл өзгеше әрі арзан құрылғысы, әсіресе, алты ай қыс күн көзін көрмейтін солтүстіктегі жұртқа пайдалы. Біз сөз етіп отырған D дәруменінің организм үшін маңызы зор – сүйектің мықтылығы және бұлшық еттің тарамыстығы осы дәруменмен тығыз байланысты. Күншығыс елінің бұл құрылғысы, сонымен қатар, үйінен қия басып шыға алмайтын, яғни, кемтарлығына байланысты күн сәулесі молынан төгілген тысқа шығуға мүмкіндігі шектеулі жандарға да көп көмегі тиеді. Десе де ультракүлгін сәулені шектен тыс «тұтыну» да қатерлі – тері обырына шалдықтыруы мүмкін әрі терінің тозуына бастайды, яғни, ерте қартаюына себеп болмақ. Осыны ескерген Нагоя университетінің ғалымдары ультракүлгін сәуленің мөлшерін барынша аз әрі қарқындылығы баяу түрін ұсынып отыр. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе барысында 12 апталық тиісті мөлшерде ультракүлгін сәулеленуден тышқанның қанында D дәрумені жоғары деңгейге жетіп, сүйегінің мықтылығы мен бұлшық ет массасы, яғни, сапасы жақсы көрсеткішке жеткен. Тышқанның терісі зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта бұл құрылғының тиімділігін адамдарға қолданып, сынап көріп жатыр. Көбінесе қарт адамдарға қолданылуда – сүйек тығыздылығының және бұлшық ет массасының кемуін білдіретін остеосаркопения дертінің алдын алу үшін. Бұл жайында жапон профессоры Йошихиро Нисида мәлім етті.

0 пікір
Мұрағат