Еуропалық елде исламофобиямен күрестің ұлттық жоспары қабылданады (фото)
Еуропалық елде исламофобиямен күрестің ұлттық жоспары қабылданады (фото)
4 жыл бұрын 2036 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Норвегиялық тұрғындар арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде респонденттердің 34%-ы мұсылмандарды жақтырмайтыны, 40%-ы мұсылмандарды норвегтердің мәдениеті мен салт-санасына қатер төндіреді деп есептейтіні,47%-ы елдегі мұсылмандарға деген теріс көзқарастың қалыптасуына мұсылмандардың өздері кінәлі деп санайтыны белгілі болды. Бұл жайында islam.kz порталы The Nation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ел тұрғындарының арасында мұсылмандарға қырын қарайтындар қатарында қарттар қарасы көп. Осыған байланысты Норвегия билігі елдегі мұсылмандарға деген жағымсыз қатынас пен нәсілдік және діни кемсітушіліктің алдын алу үшін бұл бағытта ұлттық жоспарды ұсынды. Дәлірегі, Норвегияпремьер-министрі Эрна Солберг пен мәдениет және гендерлік теңдік министрі Абид Раджа аталмыш құжатты жария етті. Nettavisen мерзімді басылымының жазуынша, премьер-министр аталған елде антисемитизм мен исламофобия өршіп тұрғанын, әсіресе, 2015 жылдан бері босқындар легінің артуына байланысты мұсылмандарға деген жағымсыз көзқарас қалыптасқанын, сол себепті, аталған азшылық өкілдері нәсілшілдіктен зардап шегіп отырғанын мәлімдеген. 2020-2023 жылдарға арналған жоспарда қарастырылған іс-шараларға 10 млн корвег кроны, яғни, 1 млн доллар қаражат бөлінеді. Бұл іс-шаралардың жүзеге асуын Норвегия полициясының қауіпсіздік қызметі (PST) қадағалайды. Өйткені, аталған елде оңшыл экстремистер тарапынан мұсылмандарға төнетін қауіп-қатер артқан. Аталған ел билігі мұндай ауқымды жоспарды қолға алуына SIAN (Stop the Islamisation of Norway – «Норвегияның исламдануын тоқтатыңдар») ұйымының наразылық шерулері түрткі болып отыр. Сөз соңында соңғы он жыл ішінде Норвегиядағы мұсылмандар қарасы күрт көбейгенін айта кету керек: бүгінгі таңда халқының саны 5,2 млн адамды құрайтын норвегиялықтардың 5,7%-ын мұсылмандар құрап отыр. Ал ел астанасы – Осло қаласындағы мұсылмандар үлесі 10%-дан асады.

Файл:Erna Solberg (8118929564).jpg — Викиновости

Норвегия премьер-министрі Эрна Солберг

Левая либеральная партия, Интеграция | Абид Раджа: У нас проблемы с интеграцией мусульман

Норвегияның мәдениет және гендерлік теңдік министрі Абид Раджа

0 пікір
Мұрағат