Жасушаның өзін қоршаған ортада қалай жылжып, қалай бағдар алуына көмектесетін ақуыз табылды
Жасушаның өзін қоршаған ортада қалай жылжып, қалай бағдар алуына көмектесетін ақуыз табылды
3 жыл бұрын 2973 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Швейцариядағы Женева және Финляндиядағы Тампера жоғарғы оқу орындарының ғалымдарынан жасақталған топ жасушаның өзін қоршаған ортаны қабылдауына, сезуіне, бағдар алуына көмектесетін ақуызды анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Communications Biology мерзімді басылымы мен аталған жаңалық туралы хабарлаған nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл бағытта арнайы жүргізген тәжірибе барысында жасушаның өзге жасушалармен қалай әрекеттесетінін, дәлірегі, белгілі бір функцияларды қалай орындайтынын анықтап көрмек болған екен. Былайша айтқанда, адам организімінің жалпы қызметі үшін жасушалардың өзге жасушалармен қызметін қалай үйлестіріні осы уақытқа дейін жұмбақ болып келген еді. Ғалымдардың кейбіреуі топшылағандай, жасушалардың бір бөлігі гормондарды тудырып, тарату арқылы тілдеседі, ал өзге жасушалар сигналды механикалық жолмен береді деп есептеп келген еді. Ал мына тың зерттеуде биологтер ғалымдардың бұл пайымын теріске шығарып отыр – жасушаның өзін қоршаған ортада «жол тауып» жылжуына ақуыздың көмегі тиетінін анықтай алды. Бұл ақуыз паксиллин деп аталады, ол жасушаның сыртқы жағында қалыптасады әрі жақын маңдағы обьектіге (жасушаға) сенсорлық ақпаратты береді. Сондай-ақ, ол альпинистер тауға өрмелегенде пайдаланатын «мысық» (алпинистре бәтіңкесіне бекітілген, қармауыштары бар метал пластин) тәрізді ерекшелігінің көмегімен өзге материалдар үшін якор (ілмек) секілді қызмет етеді.

Қарай отырыңыздар:

"Ғалымдар жасуша қозғалысын басқаруды меңгерді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-jasusha-qozgalysyn-basqarudy-mengerdi-15079/#gsc.tab=0);

"Адам өлгеннен кейін белсенді әрекетке көшетін зомби жасушалар табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-olgennen-keiin-belsendi-areketke-koshetin-zombi-jasushalar-tabyldy-15012/#gsc.tab=0);

«Жасуша жойылса да органелла тіршілігін жалғастыра береді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasusha-joiylsa-da-organella-tirshiligin-jalgastyra-beredi-14867/#gsc.tab=0);

"Ғылым әлеміндегі ең азалы көрініс: жасушаның өлуі" https://islam.kz/kk/news/gylym/gylym-alemindegi-en-azaly-korinis-jasushanyn-olui-video-12496/#gsc.tab=0);

 

0 пікір
Мұрағат