«Жанды өзге денеге көшіру теориялық тұрғыдан мүмкін» - ғалымдар
«Жанды өзге денеге көшіру теориялық тұрғыдан мүмкін» - ғалымдар
4 жыл бұрын 3650 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі таңда ғалымдар адамның жасанды миын жасап бітуге таяп қалды. Осы заманғы компьютерлер адамның миына тән көптеген операцияларды орындай алмайтындықтан ғалымдар ми нейрондарының сетецентрикалық қызметінің принципін имитациялайтын (яғни, орталық ми қызметін белгілі бір мөлшерде қайталай алатын) чипті кремнилік технология негізінде жасап шығарды. Бұл жүйе ми құрылымының қызметін (синапстар мен оның мәліметтерді алмасуын) моделдейді. Мұндай жүйені BrainScaleS жобасы аясында жүзеге асырып жатыр. SpiNNaker мамандандырылған процессорлардың көмегімен жекелеген нейрондарды имитациялайды.  Таяуда Intel Pohoiki Beach жүйесі пайда болды. Оның құрамында 8 млн жасанды нейронды қамтитын нейроморфтық чиптер бар. 1 572 864 чипті Sequoia BlueGene супер жүйесі 530 млрд нейронның қызметін эмуляциялайды (қатар іске қосады). Әлбетте аталмыш жүйе ақпаратты сақтаудың желілік және бұлтты технологияларына арқа сүйейді. Бұл арада миды имитациялаудың ауқымды жүйесі турасында сөз болып отырған жоқ. Бұл арада сөз арнайы интерфейстің көмегімен мидың тірі жасушаларын жүйе платасына кіріктіру технологиясы турасында болып отыр. Осылайша платаға кіріктірілген нейрондар мен ми нейрондары арасындағы байланысты жүзеге асыруға болады. Осылайша мидан ақпаратты алып, оны сақтайтын бұлтты технологияда цифрлауға болады.

Сананың бар-жоғын қалай анықтауға болады? Бұл сауалға біршама жауап табылып қойған... Ғалымдар тышқан миынан ойлау процесін үйлестіретін орасан зор нейрондар шоғырын тапқан болатын.

Егер адамның жаны – орталық прцессор (ми) құралдарымен денені басқаруды жүзеге асыратын бағдарлама деген теория рас болса, онда клиникалық өлім орын алған жағдайда өліп бара жатқан синапстардан сигналды тірі колониясына ауыстыру мүмкіндігі болады әрі арнайы электрлі стимуляция арқылы арнайы нейротрансмитердің көмегімен жанды көшіріп, процессорлық алгоритмдеу әдісімен цифрлеудың теориялық тұрғыдан мүмкін екенін айта кетпеске болмайды. Осыдан кейін жанды клиникалық өлім халіндегі донор организіміне кері қайтаруға болады.

0 пікір
Мұрағат