Алжыған адамдар арасында жоғалғандардың қарасы көбейіп келеді
Алжыған адамдар арасында жоғалғандардың қарасы көбейіп келеді
4 жыл бұрын 2972 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапонияда деменциядан (алжудан) зардап шегетін науқастар арасында жоғалғандар қарасы жылдан жылға артып келеді. 2018 жылы күншығыс елінде алжудан зардап шегетіндерден 17 479 ада жоғалған екен. 2019 жылы бұл көрсеткіш тағы 552 адамға артқан. Осылайша алжудан зардап шегетіндерден жоғалған адамдар саны, міне, жетінші жыл қатарынан өсіп келеді. Яғни, 2012 жылдан бері кеміген емес. Күншығыс елінің ұлттық полиция басқармасы осындай статистикалық дерек келтіріп отыр. Бұл жайында nippon.com порталы Jiji Press ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етті. Өткен жылы жоғалғандығы хабарланған мұндай науқастардың 16 775-нің қайда екені анықталған. Олардың 460-ы өлі табылды. Әдетте алжудан зардап шегетіндерден жоғалғандардың 99%-ы бір аптаның ішінде табылып жатады. Ал бір тәулікте 70%-дан астамы табылады. Өткен жылы хабар-ошарсыз кететіндер қарасы 1029 адамнан 86933 адамға дейін кеміген. Халықтың қартаю процесі бойынша әлемде алғашқы бестіктің құрамынан көрінген жапондардың қартаю процесіне байланысты осындай қиыншылықтармен бетпе-бет келіп отыр.

0 пікір
Мұрағат