Гендік терапия сал ауруын жеңді
Гендік терапия сал ауруын жеңді
3 жыл бұрын 4086 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Германиядағы Рур университетінен Дитмар Фишер (Dietmar Fischer) жетекшілік еткен ғалымдар генетикадаға ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, жұлынына зақым келіп, артқы екі аяғынан сал болып қалған тышқанды «аяғынан тұрғызды». Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, кеміргіштің омыртқасындағы жүйкесі емделді. Нәтижесінде тышқан аттай шауып кетпесе де өздігінен жүріп-тұра алатын жағдайға жеткен. Аталмыш тәсілдің сал болып қалған науқастарға аяғынан тұрып кетуіне көмегін тигізетініне үміт артып отыр. Жұлынның басты қызметі – миды денемен және аяқ-қолмен байланыстыру. Ал байланыстырушы ретінде жүйке жасушалары – аксондар алға шығады. Жұлындағы аксондар жарақаттың (мәселен, омыртқаның сынуы) салдарынан зақымдалып жатады. Жұлыны зақымдалғандықтан адам өмір бойы өздігінен жүріп-тұру, қимылдау қабілетінен айырылып, төсекке таңылады. Ғалымдар бұл тарапта жүргізілген тәжірибе барысында тышқанның ми нейрондарына аксондардың өсіп-өнуін ынталандыратын ерекше ақуыз синтезінің генін (гиперинтерлейкина-6 (hIL-6) енгізіп көреді. Ғалымдар алдымен жасушаға еніп, қажетті генді орналастыратын вирусты жасайды. Яғни, гендік терпанияның кәдімгі тәсіліне жүгінген. Бұл вирусты ми нейрондарына енгіздудің өз машақаты көп: оның ұштары жұлынға барып тіреледі. Ал ол өз кезегінде тереңде жатыр. Осыны ескерген биологтер өздерінің «агентін» (вирусты) қимыл-қозғалысты басқаратын нейронға енгізеді. Вирустың әсерімен жүйке жасушалары гиперинтерлейкина-6-ны істеп шығарған. Осылайша аксондардың қалпына келуін ынталандырған.

Мышь до (вверху) и после (внизу) лечения.

0 пікір
Мұрағат