Елімізде құстардың 150 түрі жойылып кетуі мүмкін
Елімізде құстардың 150 түрі жойылып кетуі мүмкін
3 жыл бұрын 6179 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл жайында islam.kz порталы жергілікті орнитологтарға жөн сілтегенАstanatv ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған Таяу шығыс аймағындағы соғыс себеп болмақ. Қауырсын жүнді құстар қарулы қақтығыс ошағында қырылып жатыр. Қаңғыған оқ пен азықтың тапшылығынан. Жылы жақтан ауып келетін құстар тыныштығы қашқан аймақты басып өтетіндіктен қанатты тіршілік иелерін бүгінде еліміздің кей өңірлерінде сирек кездестіресіз. Мәселен, қарсақтар көзге шалынбайтын болды. Зайсан көлінің өзінде қарсақтардың 11 түрі болатын. Орнитолог ғалым Борис Щербаковтың айтуынша, құстардың жойылуына аталған аймақтағы соғыс қана емес, сонымен қатар, мейрамхана бизнесі де «үлесін қосып жатыр». Әсіресе, еуропалық елдерде жабайы құстардың еті сұранысқа ие. Мейрамхана қожайындары миграция дәлізінде, яғни, жылы жақтан ұшып келетін құстардың жолын тосып, аулап жатыр. Бір ғана АҚШ-тың Майямасында мейрамхана бизнесі үшін 20 млн-нан аса жабайы құс ауланған. Үйірімен ұшқан 200-500 құстың тек 20-30 ғана діттеген жеріне жететін көрінеді.

 

0 пікір
Мұрағат