Ғарыш: Жұлдыздың туу тұңғыш рет таспаға тартылды
Ғарыш: Жұлдыздың туу тұңғыш рет таспаға тартылды
10 жыл бұрын 6456

Мексиканың дербес ұлттық университетінің астрономдары халықаралық ғалымдар тобының жетекшілігімен нақты уақыт аралығында жұлдыздың тууын бақылаған. Бұл жайындағы мақала Science басылымында жарық көрді. «Аққу» шоқжұлдызындағы W75N(B)-VLA2 алып жұлдызының қалыптасуын ғалымдар Жер планетасынан жарық жылдамдығымен есептегенде 4,2 мың жыл қашықтықтан 18 жыл бойы табан аудармай бақылаған екен. Жұлдыздың алғашқы «суреті» 1996 жылы пайда болса, соңғысы – 2014 жылы.

Ғалымдар радиотелескоптың көмегімен алынған бейнелерді салыстыра отырып, айтарлықтай айырмашылықтарды байқаған. Мәселен, 1996 жылғысы барлық бағытқа бірдей жылдамдықпен жас жұлдыз тастаған иондалған ыстық желдің компактілік қырын көрсеткен. Ал 2014 жылғысында бұл «желдің» ұзарып барып жылыстағаны байқалған.

Осынау зеерттеу жобасына қатысқан Карлос Карраско-Гонсалестің сөзіне қарағанда, W75N (B)-VLA 2 жұлдызының салмағы Күннен сегіз есе артық. Қазіргі уақытта ол алғашқы бірнеше мың жылдығында «өмір сүріп» жатыр. Жұлдыздардың қалыптасуы жүз мыңдаған жылдарға созылатынын жеткізе келе осыған байланысты бұл процесті баятан-аяқ бақылау мүмкін еместігін алға тартты.

 

Марстағы «Бақ қаласы» фотосуретке түсірілді (фото)

Ровер Curiosity Марстағы Гейл кратерінің орталығындағы Эолида тауының етегіндегі «»Бақ қаласының» (NASA берген атау) бір бөлігін фото-суретке түсіріп алды.

Фото-суреттен байқап отырғандарыңыздай, екі түсті арнаның желісін көруге болады. Бұлар Қызыл планетаның осы аймағының өткендегісінен хабар береді. Жекелеген телімдердегі дуалдардың биіктігі алты сантимертге дейін жетеді. Ал ені бір жарым сантиметрді құрайды. Бәлкім,  бұл арналардан кезінде қандай да бір сұйықтық аққан шығар, ал тау етегінде көлдің орны болуы мүмкін. Соңғы жеті жылдың ішінде марскезбе тау етегіндегі түрлі үш телімде бұрғылау жұмыстарын жүргізген болатын және бір-бірінен айырмашылығы бар минералдарды тапқан болатын. Бұл бұрын тау етегінің ландшафының қандай болғанын, соның ішінде, ылғалдылық пен қышқылдық деңгейінің қандай болғанын анықтауға мүмкіндік береді. Ғалымдар бұл теліімді одан ары зерттеуге ниеттеніп отыр. Және «Бақ қаласындағы» түрлі  сұйықтықтардың болу хронолгиясын аанықтауға ден қоятын болады.

 

Британ билігі коммерциялық ғарыш айлағының құрылысына рұқсат берді

Британ билігі Біріккен Король аумағында коммерциялық мақсатта салынатын ғарыш айлағының құрылысын жүргізуге рұқсат берді. Бұл жайында The Verge ақпарат көзі хабар таратты. Коммерциялық ғарыш айлағын салу туралы бастама өткен жылдың шілде айында көтерілген болатын. Билік Британияны ғарышқа саяхаттау саласы бойынша әлемнің жетекші еліне айналдыру мақсатында аталмыш бастаманы құптаған болатын. Дәлірегі, Ұлыбританияның авиация істері жөніндегі министр Роберт Гудвилл осы мәселеде арнайы мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, бұл ғарыш айлағы халықаралық әуе қатынасына кететін уақытты айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік бермек. Жоба авторларының айтуынша, мәселен, болашақта Ұлыбританиядан Австралияға дейін қазіргідей 14 сағат емес, бар-жоғы 2 сағаттың ішінде ұшып жетуге болады.

0 пікір
Мұрағат