Ғалымдар семіздіктің тағы бір себебін анықтады
Ғалымдар семіздіктің тағы бір себебін анықтады
9 жыл бұрын 3801

Дене қызуының төмен болуы да семіздікке ұрындыратын себептердің бірі екенін айтып отыр ғалымдар.

Адам денесінің қалыпты ішкі температурасы шамамен 37 градусты құрайды. Ол қоршаған орта температурасы мен физикалық белсенділік деңгейіне тәуелді емес.

Болон университетінің ғалымдары кейбір адамдардың денесінің ішкі температурасы нормаға жетпейтінін анықтаған. Осындай адамның ағзасы энергияны жеткілікті түрде пайдалана алмайды. Бұл салмақтың көбеюі (жылына екі келіге дейін) мен семіруге апарып соқтырады, деп жазады The Daily Mail.

Мида температураның реттелуіне гипоталамус жауап береді. Онда қанның температурасына сезімтал терморецепторлар бар. Өз кезегінде терінің сыртында орналасқан терморецепторлар гипоталамусқа тері бетінің температурасы туралы ақпарат жіберіп отырады.

Зерттеушілер семіздікке душар болған адамдардың дене температурасы артық салмағы жоқ адамдардың дене температурасымен салыстырды. Семіз адамдардың денесінің ішкі температурасы едәуір төмен болған.

Яғни, бұл семіздікке биологиялық бейімділіктің бар екеніне көз жеткізеді. Мамандар олардың шығарған қорытындылары семіздікті емдеудің жаңа әдістерін шығаруға көмектесетініне үміттенеді.

0 пікір
Мұрағат