Ғалымдар организмнің өзінде сүйекті басып шығару тәсілін ұсынды (видео)
Ғалымдар организмнің өзінде сүйекті басып шығару тәсілін ұсынды (видео)
3 жыл бұрын 1876 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Австралия ғалымдары, дәлірегі, UNSW Sydney университетінің мамандары пациент денесінің ішінде тікелей сүйекті алмастыратын материалды басып шығаруға мүмкіндік беретін гибридтік материалдың жаңа түрін пайдалануды ұйғаратын әдісті жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Австралиялық ғалымдардың аталмыш тәсілі адам денесінің ішінде зақымдалған сүйекті алмастырудың, орналастырудың осы заманғы ең озық тәсілі ретінде алға шығуы мүмкін. Бұл процестің негізінде сүйекті организмнің өзінде қандай да бір химиялық заттарды пайдаланбай, тірі жасушалардың көмегімен «басып шығару» тәсілі жатыр. Осы орайда бүгінгі таңда зақымдалған сүйекті алмастыру немесе орналастыру үшін аутологиялық трансплантат тәсілі қолданылады. Аталмыш тәсіл бойынша науқастың сүйегінің зақымдалмаған жерінен бір бөлігін алып оны зақымдалған жерге орналастырады. Алаййда, бұл әдістің кемшілігі – организмнің жатырқау қатері жоғары. Ал жаңа тәсілді организмнің жатырқау қатері аз. Ғалымдардың айтуынша, өздерінің бұл саладағы тың тәсілінде тірі жасушалы сүйектің көптеген аспектілері керамикалық материалмен кіріктіріледі. Бұл жайт өз кезегінде организмнің өзінде тікелей сүйекті басып шығарудың мүмкіндігін арттырады.

0 пікір
Мұрағат