Әлемде тағы бір шиғалар мемлекеті пайда болуы мүмкін...
Әлемде тағы бір шиғалар мемлекеті пайда болуы мүмкін...
3 жыл бұрын 4884 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Азаматтық соғыс пен содырлар сойқанынан жермен-жексен болған Сирияның мемлекеттік басты атрибуттары - аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне төнген қатер оқ-дәрінің иісі секілді әлі сейілген жоқ. Аттай он жылға созылған соғыстан сансыраған Сирия әлемдік державалардың мүдде қақтығысы мен ықпал ету аймағында болғандықтан бұл қатер қалай өрбиді? Бұл тарапта аталған елдің болашағына қатысты сарапшылар не дейді? Бұл жайында islam.kz порталы наурыз айының 15-і күні Аншал Боқыра есімді сарапшының Foreign Policy ақпарат көзінде жарияланған мақаласына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иран билігінің Сирия аумағында шиғалар қарасын көбейтуге жанталаса күш салып жатқанын жазыпты. Тарихқа сәл шегініс: Сирияның бұрынғы президенті Хафез Асад көрші жатқан парсылардың араб республикасына ықпалын арттырмауға күш салғанын айта келіп, бүгінгі жағдайда Иран үшін Сирияны шиғалар еліне айналдырудың қолайлы сәті туып тұрғанын жазыпты. Иран әскері Сирияда соғыс басталған тұста Башар Асад режимін қарулы оппозициядан қорғау үшін кіргізілген болатын. Тіпті, бұл соғыста Иран билігі сириялық режимді қорғауды желеу етіп, Ауғанстаннан, Ирактан, Пәкістаннан шиғалық лаңкестерді де тартқан болатын. Иранның бақылауындағы топтар мен қарулы жасақтар бүгінде Дамаск маңы мен Сирия-Ливан шекарасындағы стратегиялық қаланы патрулдейді. Бұдан бөлек, Сирияны оңтүстігінде де, дәлірегі, Израилге жақын маңда шоғырланған. Сирия аумағында ирандықтар тек қарудың күшімен ғана емес, сонымен қатар, соғыс өрті бәсеңсігеннен бері мәдени экспанциясын арттырып келеді, соның ішінде, түрлі гуманитарлық көмек көрсету, яғни, жұмсақ күшті қолдану арқылы шиғалықты «айтпай» насихаттауға көшкен. Ол ол ма, мұқтаж сириялықтарға діни мазмұндағы кітаптарын таратып, діни семинаррияларында оқуға тартып, оларға шәкіртақы тағайындап, Иранның жоғарғы оқу орындарында тегін білім алуына, тегін медициналық жәрдемді пайдалануға, т.б. рұқсат етіп, сириялықтарды өз жағына шығарудың барлық қам-қарекетін жасап жатыр. Сирия режимнің № 10 жарлығына сәйкес ирандық жасақтарға соғыс кезінде босып кеткен сириялықтардың үй-жайын сатып алуға рұқсат етілген. Кей дерек көздері келтірген ақпарат бойынша аталмыш жарлықты пайдаланған Ирак пен Ливаннан да шиғалар келіп қоныстанып жатыр. Осылайша ежелден сүнниттік елде шиғалар қарасы көбейіп келеді. Осылайша Иран Сирияны болашақта шиғалар еліне айналдыра алмаса да осы елдегі шиғалар арқылы өзінің саяси ықпалын арттыруды көздейді. Осылайша ирандықтар жергілікті билік басына келген, қарулы күштер сапында қызмет ететін, қысқасы, Сирияның саяси институттарына келетін шиғалар арқылы да өзінің саяси ықпалын арттыра алады.

0 пікір
Мұрағат