Ғалымдар минутты 60 секундпен есептемей, 59 секундтқа қысқартуды ұсынып отыр...
Ғалымдар минутты 60 секундпен есептемей, 59 секундтқа қысқартуды ұсынып отыр...
3 жыл бұрын 3948 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар минутты бұрынғыдай 60 секундпен емес, 59 секундпен есептеуді ұсынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы newsdol.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылардың мәдімдеуінше, бұрынғыша 24 сағатпен өлшенетін тәуліктік ротация біртіндеп кеміп келеді. TimeAndDate.com дерек көзінің келтірген дерегіне қарағанда, соңғы жексенбі күнінің ұзақтығы 23 сағат 59 минут 59,9998927 секундты құраған. Жердің айналу жылдамдығы артып немесе баяулап отырады – жердегі және көктегі өзгерістерге байланысты, алайда, тұтастай алғанда, соңғы жылдары астрономиялық күнтізбенің қысқарып келе жатқаны анықталып отыр. Сарапшылардың есебінше, 2021 жылы жылдағыдан шамамен 19 миллисекундқа кем болмақ, яғни, орташа есеппен алғанда күндік тапшылық 0,5 миллисекундқа жетеді. Ғалымдардың мәліметі бойынша 1960-шы жылдары атомдық сағат жасалған сәттен бері жердің баяу айналуынан орын алған олқылықтың орнын толтыру үшін 27 қосымша секунд үстелген болатын. Ғалымдардың топшылауынша, соңғы рет корректорлық түзету 2016 жылы болған, содан бері жер планетасы әдеттегіден шапшаң айналған, осыған байланысты ықтимал «кері секундтың» барын жоққа шығармайды: ғарыштағы біздің жағдайымызға қарай уақыттың тепе-теңдігін қалпына келтіру қажет. Яғни, бұдан былай минут 59 секундпен шектелуі тиіс. Осы орайда Ұлыбританиядағы ұлттық физика зертханасының аға ғылыми қызметкері Питер Уибберли соңғы 50 жылда жердің айналу жылдамдығының артқанын көлденең тартып, жалпы адамзат үшін сәл уақыт айырмашылығы сезілмесе  де спутниктік байланыс пен навигацияның ғарыштағы келісілген уақытпен байланыстылығын ескере отырып, корректорлық түзету енгізудің маңыздылығына тоқталды. Түпкілікті шешім 2023 жылы өтетін Бүкіл әлемдік радиобайланыс конференциясында қабылданатынын айта кетпекпіз. 

Ұқсас материалдар:

«Ең қысқа уақыт бірлігі белгілі болды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/en-qysqa-uaqyt-birligi-belgili-boldy-14285/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат