Уақыттың баяу өтетіндей көруінің тағы бір себебі анықталды
Уақыттың баяу өтетіндей көруінің тағы бір себебі анықталды
3 жыл бұрын 3274 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Уақыт салыстырмалы ұғым ба? Уақыт субьективті қабылданатын, абстракциялық ұғымнан нақтылыққа айналу барысында адамның психикалық ахуалына қарай құбылатын субстанция ма? Кейде уақыт тасбақа аяңы секілді өтпейтіндей көрінсе, енді бірде қанат біткендей қалай өтіп кеткенін сезбей де қаласыз. Бұл бағытта тәжірибе жүргізіп көрген жапон ғалымдары мынадай қызықты деректі көлденең тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы күншығыс елінің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тіпті, бұл тарапта осыдан бірнеше күн бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Уақыт жасушасы» табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/uaqyt-jasushasy-tabyldy-14525/#gsc.tab=0) атты ғылыми-танымдық материалымызда да осы төңіректе сөз қозғағанбыз, естеріңізде болса. Таяуда жапон ғалымдары қандай да бір айыбын жасырған адам үшін уақыттың баяу өтетінін тәжіртбе арқылы анықтап білді. Жапонияның Аояма Гакуин және Осака қаласының университеттерінің ғалымдары бұл бағыттағы тәжірибеге өз еркімен қатысқан 36 студентке зертханадан қандай да бір затты ұрлауға әрі жасыруға тапсырма береді. Сондай-ақ, ғалымдар тәжірибе аяқталғанша ұрлаған заттарын таптырмаған студентке 500 йен (жапондардың ұлттық валютасы) сыйақы беретінін хабарлаған екен. Студенттерді монитордың алдына отырғызып қойып, «Мынан сен ұрладың ба?» деген жазуы бар түрлі заттар мен бұйымдардың бейнесін көрсеткен.  Аталмыш тәжірибе екі түрлі жағдай (шарт десе де болады) енгізілген: «кінәлі» және «айыпты емес». «Кінәлі» жағдайында ұрланған зат монитордан көрсетілген бейнелерде болған, ал «айыпты емес» жағдайында – ол зат көрсетілмеген. Бейне пайда болғанда олар бейненің қанша уақыт көрсетілгенін бағалауы тиіс. Осымен қатар ғалымдар полиграфтың көмегімен студенттердің қобалжуын тіркеп отырған. Ғалымдар ұрланған зат экранда пайда болғанда оны ұрлаған студенттің қалай қобалжығанын қадағалаған. Сонымен қатар, айыпты студент экранда өзі ұрлаған заттың бейнесі пайда болғанда уақыттың баяу өтетінін айтқан. Өйткені, адам қобалжығанда қырағылық танытады, яғни, уақыттың әр мезеті оның психикасына ауырлық түсіреді. 

0 пікір
Мұрағат