Ғалымдар ДНҚ-ның шиеленісуін қалай жазуға әрі сирек кездесетін ауруларды емдеуге болатынын анықтады
Ғалымдар ДНҚ-ның шиеленісуін қалай жазуға әрі сирек кездесетін ауруларды емдеуге болатынын анықтады
3 жыл бұрын 2383 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Биологтер анықтағандай, ДНҚ-дағы ақауларды түзетудің жолы табылса, бұл жайт мутация салдарынан пайда болатын, тұқым қуалайтын ауруларды анықтауға (диагнозын қоюға) мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы eurekalert.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта зертханада өсірілген тышқандарға арнайы тәжірибе жүргізіп көрген екен: белгілі болғандай, жасуша ядрасының беткі жағында құрылымдық желі қалыптастыратын ақуыз бар – ДНҚ осындай жағдайда ғана реттелген болып саналады. Келесі тәжірибеде ғалымдар ДНҚ ақауымен байланысты түрлі генетикалық ауытқуларды анықтауда әрі емдеуде пайдасы шаш етектен С ламина ақуызына назар аударған болатын. Мынадай пікір бар: гендік мутация немесе генетикалық кодтағы қателік тұқым қуалайтын ауруларды тудырады. Ақау шалған гендер де осылайша әсер етеді. Ғалымдардың топшылауынша, генетикалық тестер әдетте тұқым қуалайтын ауруларды анықтауда әрі емдеуде маңызы зор ДНҚ-ның қалай түзілетінін (тетігін) ескермейді. Ғалымдар бұл тарапта ламиндердің жасушаның ДНҚ-ны қалай түзіп, қалай пайдаланатынына әсерін зерделеуге талпынаған екен. Ғалымдар А, В және С ламиндерін (үш түрлі ақуыз) ДНҚ-ның бір жасушада көшіріліп, содан соң екі еншілес жасушаға бөліну процесі жүзеге асатын жасуша бөлінісі арқылы қадағалау үшін флуоресцентті бояғышты пайдаланды. В ламинін тану оңайға түскен еді, ал А және С ламиндері көшірілген ақуыздар ретінде қарастырылады, өйткені, олар бір геннен тараған. Дегенмен А және С ламиндерінің түрлі рөл ойнайтыны белгілі болды. Ғалымдар бұл бағытта тереңірек зерттеу мақсатында  ламині тудыратын генді немесе А және С ламиндерін қоса қамтиты генді ою үшін тышқанның ұрық жасушасын жасады. Содан соң жасушаның ядролық ДНҚ-сы бөлінгенде ақау шалғанын немесе ақау шалмағанын білу үшін микроскоп арқылы ламиндердің әрекетін қадағалады. Артынан анықталғандай, жасушадағы ядролық ДНҚ В ламині болмаған жағдайда да қалыпты жасуша бөлінісіндегі секілді көрінген. Бұл нені білдіреді? В ламинінің жасуша бөлінгеннен кейін ДНҚ-ның қайта құрылымдануына елеулі әсерін тигізе алмайтынын білдіреді. Ал А және С ламиндерінсіз жасушадағы ядролық ДНҚ шиеленісіп қалған болатын. Содан соң ғалымдар кеміргіш жасушасындағы А немесе С ламиндерін ажырату үшін бірқатар химиялық реагенттерді пайдаланды – әр ақуызды дербес, бөлек сынап көру үшін. А ламинсіз жасуша бөліну процесінен кейін қайта қалпына келе алған еді, ал С ламинсіз ядролық ДНҚ ретсіз күйге түсті. Ғалымдардың топшылауынша, модификацияланған (түрлендірілген) С ламині ДНҚ-ны қайта құрылымдану кезінде орнына бағыттай алған еді. ДНҚ құрылымданған кезде С ламині өзінің молекулярлық белгісін жоғалтады әрі өзге ламиндермен ядраның шеті арқылы байланысады. Мұндай нәтиже өз кезегінде ламиндердің ДНҚ-ны қалпына келтіру мен реттеудегі рөліне басқаша қарауға мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар:

«Тұңғыш рет жасанды ДНҚ жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tungysh-ret-jasandy-dnq-jasaldy-16066/#gsc.tab=0);

«РНҚ-ның бұрын-соңды болмаған видеосы жарияланды (видео)» (https://islam.kz/kk/news/gylym/rnq-nyn-buryn-sondy-bolmagan-videosy-jariyalandy-video-14817/#gsc.tab=0);

«Адам мен тіршілік иелеріне жанаспай-ақ, ауа арқылы олардың ДНҚ-сын анықтайтын технология пайда болды (видео)» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-men-tirshilik-ielerine-janaspai-aq-aua-arqyly-olardyn-dnq-syn-anyqtaityn-tehnologiya-paida-boldy-video-15082/#gsc.tab=0);

«Жасанды жасуша жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-jasusha-jasaldy-15743/#gsc.tab=0);

«Вирусқа бой бермейтін жасанды гені бар жасуша жа»алды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/virusqa-boi-bermeitin-jasandy-geni-bar-jasusha-jasaldy-15331/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар жасуша қозғалысын басқаруды меңгерді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-jasusha-qozgalysyn-basqarudy-mengerdi-15079/#gsc.tab=0);

«Сөздің өлген жасушаны тірілте алатыны белгілі болды. Солитон» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sozdin-olgen-jasushany-tirilte-alatyny-belgili-boldy-soliton-14373/#gsc.tab=0);

"Жасушалар өз-өзін «емдеп» қалпына келе алатын қабілетке ие" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/jasushalar-oz-ozin-emdep-qalpyna-kele-alatyn-bolyp-shyqty-14337/#gsc.tab=0);

«Адам денесі секундына қанша млн жасуша істеп шығарады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-denesi-sekundyna-qansha-mln-jasusha-istep-shygarady-14781/#gsc.tab=0);

«Бактериялық жасуша өздігінен өлмейді. Ал адам жасушасы белгілі бір мерзімнен кейін өледі. Неге?» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalyq-jasusha-ozdiginen-olmeidi-al-adam-jasushasy-belgili-bir-merzimnen-keiin-oledi-nege-14369/#gsc.tab=0);

"Адам өлгеннен кейін белсенді әрекетке көшетін зомби жасушалар табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-olgennen-keiin-belsendi-areketke-koshetin-zombi-jasushalar-tabyldy-15012/#gsc.tab=0);

«Жасуша жойылса да органелла тіршілігін жалғастыра береді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasusha-joiylsa-da-organella-tirshiligin-jalgastyra-beredi-14867/#gsc.tab=0);

 «Ғылым әлеміндегі ең азалы көрініс: жасушаның өлуі (видео)» (https://islam.kz/kk/news/gylym/gylym-alemindegi-en-azaly-korinis-jasushanyn-olui-video-12496/#gsc.tab=0);

«ДНҚ-ның жасушаға ену барысындағы өзгеше «биі» (видео)» (https://islam.kz/kk/news/gylym/dnq-nyn-jasushaga-enu-barysyndagy-ozgeshe-bii-video-14849/#gsc.tab=0);

«ДНҚ-ның қорқынышты тізбегі...» (https://islam.kz/kk/news/gylym/dnq-nyn-qorqynyshty-tizbegi-14681/#gsc.tab=0) ;

«Бактерия иммунитеті адам ДНҚ-дағы өзгерісті қадағалауға көмектеседі» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriya-immuniteti-adam-dnq-dagy-ozgeristi-qadagalauga-komektesedi-15932/#gsc.tab=0);

«РНҚ-ның бұрын-соңды болмаған видеосы жарияланды (видео)» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/rnq-nyn-buryn-sondy-bolmagan-videosy-jariyalandy-video-14817/#gsc.tab=0);

«Жердегі өмір ДНҚ мен РНҚ-ның араласынан пайда болды» деген теория расталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jerdegi-omir-dnq-men-rnq-nyn-aralasynan-paida-boldy-degen-teoriya-rastaldy-14613/#gsc.tab=0;

«ДНҚ-ны репликациялаушы ақуыздары жоқ организм табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/dnq-ny-replikatsiyalaushy-aquyzdary-joq-organizm-tabyldy-15011/#gsc.tab=0);

«Адам организімінің ең ыстық нүктесі анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-organiziminin-en-ystyq-nuktesi-anyqtaldy-14779/#gsc.tab=0);

«Ақпаратты ДНҚ-да сақтау тәсілі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aqparatty-dnq-da-saqtau-tasili-paida-boldy-15087/#gsc.tab=0);

«Бірдей егіздердің ДНҚ-сы толық бірдей болмайтыны анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/birdei-egizderdin-dnq-sy-tolyq-birdei-bolmaityny-anyqtaldy-14719/)

0 пікір
Мұрағат