ДНҚ-ны репликациялаушы ақуыздары жоқ организм табылды
ДНҚ-ны репликациялаушы ақуыздары жоқ организм табылды
3 жыл бұрын 3061 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ағзалар жасушалардың бөлінуі нəтижесінде өсіп, жетіледі. Жасушалардың қызметі ағзалардың өсіп-жетілуіне ықпал етеді. Алдымен репликация терминіне қысқаша тоқтала кетпекпіз: Репликация – ядро ішінде жүретін аса күрделі биохимиялық маңызды процесс. ДНҚ молекуласының екі еселену процесін репликация деп атайды. Бұл туралы сайтымыздың жаңалықтар таспасының орысшы нұсқасында осыдан 4 жыл бұрын жарияланған мына материалдан толығырақ біле аласыздар: «Процесс удвоения ДНК впервые сняли на видео» (сілтемесі: https://islam.kz/ru/news/nauka/protsess-udvoeniya-dnk-vpervye-snyali-na-video-4691/#gsc.tab=0). Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған bioRxiv.org сервисіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Биологтер бір жасушалы организмді тапты – ДНҚ репликациясының жүзеге асуына қажетті молекулалардың көбісі жоқ организм табылды. Ғалымдар оның (эукариоттың)қалай өсіп-өнетінін әзірге білмейді. Дәлірегі, өсіп-өнуге қажетті, яғни, ДНҚ репликациясына қажетті жеті ақуыз кем болып шыққан. Канаданың Далхаузи университетінің ғалымдары Carpediemonas membranifera  деп аталатын микроорганизм түрінде ДНҚ репликациясы үшін қажетті молекулалардың көбісі жоқ екенін анықтаған. Ғалымдардың пайымдауынша, аталмыш бір жасушалы организм ғылымға белгісіз жолмен өз ДНҚ-сын көшіретін қабілетке ие. Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу барысында оттегі мөлшері аз ортадағы төменгі шөгінділерде кездесетін эукариотті зерделеп көрді. Ол үшін биологтер оның генін секвенирлеген болатын. Оның генін секвенирлеу кезінде ғалымдар Carpediemonas membranifera микроорганизімінде ДНҚ репликациясын іске қосатын ақуыздарды кодтайтын бірнеше геннің жоғына көз жеткізіп, айран-асыр қалған болатын. Ғалымдар алғашында құралдың кесірінен орын алған қателіктен көріп, бұл тараптағы тәжірибені жыл бойы жүргізуге тура келген – зерттеу нәтижесіндегі мәліметтерді қайта-қайта сатаптамадан өткізіп әуреге түскен еді. Соған қарамастан осынау бір жасушалы организмде аталған ақуыздардың жоғына анық көз жеткізді. Десе де Carpediemonas membranifera организімінде полимераздың (жаңа генетикалық молекуланы жасау үшін ДНҚ-ның бір жібін көшіретін фермент) барына көз жеткізген. Алайда, жасуша репликациясының одан арғы кезеңдері үшін репликациялық кешен (origin recognition complex/ORC) мен Cdc6 ферментін қалыптастыратын тағы алты ақуыз қажет, бұл ақуыздар жоқ. Мұның сыры, бәлкім, ДНҚ-ны репликациялайтын тағы бір тетігінде жатқан шығар. Тағы бір таңқаларлығы Carpediemonas membranifera организімінде жасуша бөлінген кезде ДНҚ-ның қозғалуына көмектесетін ақуыздар да болмай шыққан.

Ұқсас материалдар:

«Ғылым әлеміндегі ең азалы көрініс: жасушаның өлуі (видео)» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/gylym-alemindegi-en-azaly-korinis-jasushanyn-olui-video-12496/#gsc.tab=0);

«ДНҚ-ның жасушаға ену барысындағы өзгеше «биі» (видео)» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/dnq-nyn-jasushaga-enu-barysyndagy-ozgeshe-bii-video-14849/#gsc.tab=0);

«ДНҚ-ның қорқынышты тізбегі...» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/dnq-nyn-qorqynyshty-tizbegi-14681/#gsc.tab=0) ;

«РНҚ-ның бұрын-соңды болмаған видеосы жарияланды (видео)» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/rnq-nyn-buryn-sondy-bolmagan-videosy-jariyalandy-video-14817/#gsc.tab=0);

«Жердегі өмір ДНҚ мен РНҚ-ның араласынан пайда болды» деген теория расталды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/jerdegi-omir-dnq-men-rnq-nyn-aralasynan-paida-boldy-degen-teoriya-rastaldy-14613/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат