Бидайдың жаңа сорты пайда болды
Бидайдың жаңа сорты пайда болды
3 жыл бұрын 4287 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан республикасының ғылым академиясының генетика және эксперименталды биология институтының мамандары жұмсақ бидай сортын шығарды. Оны "Пахлавон" деп атады. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хабарда айтылғандай, жаңа сорт былтыр Сырдария облысына қарасты Баянбут ауданында сынақтан өтті – астық түсімі бір гектарына 55 центнер құрады. Аталмыш бидай сортының артықшылы немесе ерекшелігі неде? Ол суармалы су тапшылығына төзімді әрі сортаң жерде де өсіп-өне береді. Бұдан бөлек, тат ауруларына төзімділігі орташа деңгейді құрайды. Дәлірегі, бидайдың жаңа сорты жері қуаң жергілікті жағдайға бейімделген. Оның пісіп-жетілу уақыты орта мерзімге шақталған, орта бойлы (100-110 см), сабағынан тұруға төзімділігі де орташа, алайда, нан өнімдері үшін сапасы жоғары. Бұған қоса, сабағының жұмсақтығына байланысты малға жем ретінде беруге болады.

0 пікір
Мұрағат