Эволюция парадигмасының бірі күмән тудырып отыр
Эволюция парадигмасының бірі күмән тудырып отыр
2 жыл бұрын 2116 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Sang-Youl Park / UC Riverside

Германиядағы Макс Планк атындағы қоғам биологиясы институтының ғалымдары өсімдік геніндегі мутацияның кездейсоқ пайда болмайтынын әрі аса маңызды гендерге көп «жолай» бермейтінін анықтады. Ғалымдардың айтуынша, бұл «мутация барлық генде орын алады (оның салдары қандай болатынына қарамастан)» делінетін теорияға негізделген эволюция парадигмасын теріске шығарады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу мақаласы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бастапқыда организмдегі гендердің маңызды аймақтарындағы генетикалық ауытқулар сирек кездеседі, өйткені, мұндай мутация теріс салдар тудырып, табиғи іріктеумен жойылады деп келген еді. Организмде тек мұндай ауытқу жоламаған маңызды гендер ғана аман қалады, ал мутацияның пайда болу ықтималдылығы гендердің барлық аймағына тән деп айтылып келген болатын. Алайда, соңғы ғылыми дерек көрсеткендей, мутация кездейсоқ орын алмайды – арнайы молекулярлы тетіктердің барын көрсетіп берді. Ғалымдар бұл тарапта Arabidopsis thaliana деп аталатын өсімдіктің (суретте - ред.) ұрық жасушаларындағы жаңа мутацияларды зерделеп, сараптап көрген екен. Бұл зерттеу өз кезегінде енді дамып келе жатқан организмге әсерін тигізе бастағанға дейін гендердің түрлі аймақтарындағы мутация жиілігін анықтауға мүмкіндік берген. Белгілі болғандай, маңызды гендер аймағында мутацияның орын алуы өте сирек кездеседі: ал ген ішінде олардың орын алу жиілігі екі есеге азаяды, ал маңызды ген аймағында үштен бірге азаяды. Мұндай бейімділікті ғалымдар оның ДНҚ тізбегінің өзін өзгертпейтін, бірақ, гендердің белсенділігіне және олардың ықтимал өзгергіштігіне әсер ететін эпигеномдық тетіктермен байланыстырып түсіндіріп отыр. Мәселен, гендерді G және C нуклеотидтармен байытуы мүмкін, бұл жайт өз кезегінде ДНҚ-ның зақымдалу қатерін төмендетеді. Я болмаса кей молекулаларды ДНҚ-мен байланыстыруы да мүмкін – бұл гендердің тұрақтылығын арттырады немесе олардың репарация (көшіру) тиімділігін арттырады. Қысқасы, мұндай шаралар зиянды мутациялардың пайда болу ықтималдылының алдын алуға көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат