Қандай аурудан көз жұматындар қарасы көп
Қандай аурудан көз жұматындар қарасы көп
4 жыл бұрын 3143 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгінде адамзаттың ес-ақылын алып, күллі әлемді сал қылып тастаған тәжді тажалдан індет жұқтырғандар мыңдап қырылып жатыр. Десе де Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген дерекке қарағанда әлемде тәжді тажал вирусынан болатын өлім-жітімнен де жоғары көрсеткішке ие – туберкулез дертінен бақилық болатындар қарасы күніне 4 мың адамнан асып түседі. Яғни, туберкулез әлемдегі өлім-жітім көрсеткіші бойынша ең көп инфекциялық аурулар арасында көш бастап тұр. Жыл сайын аталған дерттен бір млн-нан аса адам дүние салады. Ол ол ма, 2018 жылы аталмыш аурудан бір жарым млн-дай адам опат болған. Жыл сайын шамамен 10 млн адам туберкулез дертіне шалдығады. Бұл жайында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының веб-сайтында айтылған. Тек олардың аз ғана бөлігі тиісті ем-домын алады. Көбісі медициналық жәрдемге қол жеткізе алмайды. Белгілі бір себептерге, соның ішінде дәрі-дәрмек тапшылығы, маман жетіспеуі, елдің экономикалық ахуалы, т.б. әлеуметтік-экономикалық, медициналық факторларға байланысты.

0 пікір
Мұрағат