Екі түрлі күйге ауыса алатын көзілдірік
Екі түрлі күйге ауыса алатын көзілдірік
9 жыл бұрын 3343

Егер көзілдірігіміздің шынысы (линзасы) әдеттегі режимнен күннен қорғайтын режимге сол сәтте нүктесін басу арқылы ауысатын болса, бұл тамаша емес пе.  Джорджия технологиялық институтының ғалымдары тап осындай көзілдірікті жасап шығарды. Фотохромды шынысында елеулі кемшіліктің барын да айта кету керек. Шыны құрамындағы күміс галогениінің молекулалары күн сәулесінің әсерімен қараңғы түске ауысады. Бұл процесс бірнеше минутқа созылатындықтан мұндай «кешігу», яғни, баяу құбылу автокөлік жүргізіп келе жатқаныңда немесе ұшақты басқарған кезде тиімсіз болады. Осыған талай уақыт бас қатырған ғалымдар оның да шешімін тапқан секілді. Ғалымдардың бұл жолғы ойлап тапқан технологиясында көзілдірік шынысы сол сәтте құбылып немесе керісінше өзгеріп сала береді. Тек нүктесін бассаңыз жетіп жатыр. Аталмыш көзілдіріктің шынысының құрамында электрлі полимер бар. Ол өз кезегінде ультракүлгін сәулеленуге емес, электр тогына жауап қатады. Мұндай көзілдірік титімдей батарейкамен жұмыс істейді.

0 пікір
Мұрағат