Бүлдіршінге жол апатынан жұлынған басын қайта тігіп берді
Бүлдіршінге жол апатынан жұлынған басын қайта тігіп берді
9 жыл бұрын 3430

Австралияда бір жасар бүлдіршін жол апаты салдарынан басынан айырылуға шаққалды. Денесінен толықтай дерлік жұлынған басын дәрігерлер қайта орнына тігіп берді.

Бұл туралы MedikForum.ru-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Оташылардың шеберлігінің арқасында бүлдіршін тірі қалып қана қоймай, жақында толықтай сауығып кетеді деп күтілуде.

Дәрігерлер мұндай жарақаттан кейін айығып кету түгілі, аман қалудың өзі таңғаларлық екендігін айтуда.

Жантүршігерлік жағдай Брисбен қаласында болған. Кішкентай Джексон Тейлор анасы мен әпкесінің қасында көлікте отырған.

Оларға аяқ-асты өзге көлік соқтығысып, қатты соққыдан баланың басы толықтай жұлынып кете жаздаған. Басы терісімен бірге жұлынбаса да, ішкі тұсынан үзілген мойны мен басын ештеңе жалғамай қалған.

Дәрігер Джефф Эскиннің басшылығымен болған 6 сағаттық ота сәтті жасалып, бүгінде бүлдіршін сауығып келеді.

Еске салсақ, 2010 жылы АҚШ-та дәл осындай жағдай болып, басы жұлынған емшектегі баланы дәрігерлер аман алып қалған еді.

0 пікір
Мұрағат