Шымтезек батпағы жаһандық жылынудың алдын алуға көмектеседі
Шымтезек батпағы жаһандық жылынудың алдын алуға көмектеседі
4 жыл бұрын 4316 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Осы уақытқа дейін кеуіп кетуден аман қалған шымтезек батпағын қорғау әрі кеуіп кеткен аумағын қалпына келтіру өз кезегінде климат өзгерісімен күресудің қажетті әрі маңызды қадамы саналады. Яғни, ғаламдық орташа температураның өсуін тежейді. Щымтезек батпағы әлемнің әр түкпірінде кездеседі. Соған қарамастан құрлықтың тек шамамен 3%-ын ғана алып жатыр. Оның құрамында ғасырлар бойы шөккен көміртектің мол қоры жатыр. Егер шымтезек батпағы құрғайтын болса, ондағы көміртек жаһандық жылынуды одан ары күшейтетін көмірқышқыл және өзге де парникті газ түрінде атмосфераға ұшып таралады. Бұған қоса, кеуіп кеткен шымтезек топырағы тез тұтанады, егер алда-жалда өрт шыға қалса, оттың жалынынан атмосфераға көміртектің бөлінуін тездетеді. Былайша айтқанда, кеуіп кеткен шымтезек батпағын жарылу қатері жоғары минаға тесек, артық айта қоймаймыз. Жаһандық жылынуға қарсы түрлі шаралар қабылданып жатыр. Орман көшеттерін отырғызу, атмосфераға бөлінетін парникті газдың шегін белгілеу, ауаны зиянды қалдықтардан тазарту, т.б. Осыған байланысты осы ғасырдың соңына таман орман-тоғай мен ауыл шаруашылығы атмосфераға бөлінетін көміртектің мөлшерін азайтып, керісінше көміртекті көп жинайтын болады. Десе де Потсдамдағы климат әсерін зерттеу институтының ғалымдарының айтуынша, жаһандық жылынуға қарсы күресте шымтезек топырағының маңызы ескерілмеген. Дәлірегі, кеуіп кеткен шымтезек батпағынан бөлінетін зиянды қалдықтар назарға алынбаған. Ғалымдардың есебінше, бүгінде әлемдегі шымтезек батпағы аумағының 60%-ы кеуіп кеткен. Оларды дереу қайта батпаққа айналдыру шарасы қолға алынуы керек.

0 пікір
Мұрағат