Бактерияның антибиотикке төзімділігінің тағы бір құпиясы ашылды
Бактерияның антибиотикке төзімділігінің тағы бір құпиясы ашылды
2 жыл бұрын 2423 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. © Arizona State University

АҚШ-тың пандемия және биологиялық қауіп-қатерлер жөніндегі ғаламдық желісінің (Global Nexus for Pandemics and Biological Threats) ғалымдар тобы бактериялардың антибиотикке төзімділігінің жаңа тетігін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Molecular Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Зерттеу барысында ғалымдар рифамицин класының антибиотиктерінен қорғану үшін патогендер қолданатын күрделі процесті талдап, есептеп көрген екен. Рифамициндер РНҚ-полимеразамен (бактериялардың тіршілігі үшін маңызды ақуыз) байланысу арқылы жұмыс істейді. Төзімді микробтардың дәрінің әсерін жою немесе залалсыздандыру үшін арнайы бейімделген ақуыздарды пайдаланатыны белгілі болып отыр. Бұл жаңалық дәріге қарсы төзімділік тетіктерінің ғалымдардың бұрын ойлағаннан да күрделі және жоғары деңгейде дамығанын көрсетіп берді. Осы орайда 2022 жылдың маыр айында Рокфеллер университеті зерттеушілерінің Clostridium difficile немесе метициллинге төзімді алтын түсті Staphylococcus aureus сияқты дәріге төзімді бактерияларға да әсер етуі мүмкін жаңа антибиотик, силагицинді бөліп алғанын айта кетпекпіз.

Cалмақсыздықтан паразитті бактериялардың «айы оңынан туып, желі оңынан тұрады»

Америкалық ғалымдар салмақсыздық жайлаған ортада  Salmonella typhimurium паразитті бактериясының ішек жасушаларына оңай жұғатынын анықтады. Бұл islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Frontiers in Cellular and Infection Microbiology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Паразиттік микроорганизмдер эволюция процесінде жасушаға енудің түрлі тетіктерін «меңгерген». Десе де ғалымдар жұғу процесінде жұқтыратын тіршілік иесі мен патоген арасындағы өзара әрекетке әсер ететін физикалық, яғни, сыртқы күштер десек те болады, факторларға назар аударған емес. Бұл тарапта Аризона штаты университетінің (АҚШ) ғалымдары ғарышқа ұшу кезіндегіндей салмақсыздық жағдайында сальмонеллез қоздырғышы болып табылатын Salmonella typhimurium бактериясының адамның ішегі тінінің (ұлпасының) үш өлшемді моделін жердегіге қарағанда тез жұғатынына көз жеткізген. 3,7 миллиард жылдық тарихында біздің планетамыздағы тіршілік тартылыс күшінің әсерінен дамыды. Тірі организмдердің жасушалары жасушадан тыс сұйықтықтың әсеріне ұшырайды. Салмақсыз жағдайда жасушалардың бетіндегі сұйықтықтың сырғу күші азаяды және бұл паразиттердің жасушаға сәтті енуіне ықпал етеді. Салмақсыз жағдайларды тудыру үшін ғалымдар S. typhimurium дақылдарын және ішектің 3D жасуша үлгілерін айналмалы қабырға биореакторына орналастырды. Жасушалар цилиндрі айналу кезінде өзін қоршаған қоректік ортада ақырын айналдырып, белілі бір тепе-теңдікте ұстайды. Бұл бағыттағы зерттеу барысында ген экспрессиясында да, бактериялардың тіндерді жұқтыру қабілетінде де елеулі өзгерістердің орын алатыны анықталды. Тәжірибелерге S. typhimurium екі штаммы «қатысты» - жабайы типті штамм және сальмонелладағы стресстік реакцияның негізгі реттеушісі, ақуызы жоқ Hfq мутантты штамы.

(негізгі тезистері бойынша ықшамдалып алынды – ред.)

Ұқсас материалдар:

«Антибиотик туралы қайғылы шындық. «Пайдалы» микробтарды антибиоктен қорғайтын жасанды бактерия пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotik-turaly-qaigyly-shyndyq-paidaly-mikrobtardy-antibiokten-qorgaityn-jasandy-bakteriya-paida-boldy-17138/#gsc.tab=0);

«Бактерияның антибиотикке төзімділігінің тағы бір сыры ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyanyn-antibiotikke-tozimdiliginin-tagy-bir-syry-ashyldy-17105/#gsc.tab=0);

«Барлық бактерияны жоя алатын адам жасушасына зиян жоқ антибиотик табылды. Нанобұрғы бактерияны жою үшін секундына 3 млн айналу жылдамдығымен айналады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/barlyq-bakteriyany-joya-alatyn-adam-jasushasyna-ziyan-joq-antibiotik-tabyldy-nanoburgy-bakteriyany-joyu-ushin-sekundyna-3-mln-ai-17151/#gsc.tab=0);

«Антибиотикке төзімді бактерияның жасуша құрылымы өзгереді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotikke-tozimdi-bakteriyanyn-jasusha-qurylymy-ozgeredi-16536/#gsc.tab=0);

«Жасушаның ақуыздан сауыты бар болып шықты – антибиотикке төзімділікті еңсеру үшін оны бұзудың жолдары қарастырылады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasushanyn-aquyzdan-sauyty-bar-bolyp-shyqty-antibiotikke-tozimdilikti-enseru-ushin-ony-buzudyn-joldary-qarastyrylady-16537/#gsc.tab=0);

«Бактериялардың дәріге төзімділігін қалай қалыптастыратынын көргіңіз келе ме» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalardyn-darige-tozimdiligin-qalai-qalyptastyratynyn-korginiz-kele-me-video-16286/#gsc.tab=0);

«Антибиотикке төзімді бактерияларды жоюдың аса тиімді тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotikke-tozimdi-bakteriyalardy-joyudyn-asa-tiimdi-tasili-tabyldy-16273/#gsc.tab=0);

«Супербактерияға қарсы, антибиотикке қатысты екі жаңалық» (https://islam.kz/kk/news/gylym/superbakteriyaga-qarsy-antibiotikke-qatysty-eki-janalyq-16231/#gsc.tab=0);

«Адам организімінен ондаған жаңа антибиотик түрі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-organiziminen-ondagan-jana-antibiotik-turi-tabyldy-16140/#gsc.tab=0);

«Антибиотиктің тиімділігін арттырудың тың тәсілі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotiktin-tiimdiligin-arttyrudyn-tyn-tasili-paida-boldy-15945/#gsc.tab=0);

«Бактерия төтеп бере алмайтын антибиотик жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriya-totep-bere-almaityn-antibiotik-jasaldy-13669/#gsc.tab=0);

«Аса қуатты, әмбебап, табиғи антибиотик табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/asa-quatty-ambebap-tabigi-antibiotik-tabyldy-14162/#gsc.tab=0);

«Антибиотик адам ғұмырын қысқартады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotik-adam-gumyryn-qysqartady-15668/#gsc.tab=0);

«Жаңа буын антибиотигінің тиімділігі неде?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-buyn-antibiotiginin-tiimdiligi-nede-15184/#gsc.tab=0);

«Антибиотик зиянды бактериялармен қатар пайдалы бактерияларды да жояды... Ғалымдар мұның да жолын тапқан секілді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotik-ziyandy-bakteriyalarmen-qatar-paidaly-bakteriyalardy-da-joyady-galymdar-munyn-da-jolyn-tapqan-sekildi-13106/#gsc.tab=0);

«Бактерияны басқаша жолмен жоятын антибиотик табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyany-basqasha-jolmen-joyatyn-antibiotik-tabyldy-13223/#gsc.tab=0);

«Ара уынан дәріге төзімді бактерияларды жоятын антибиотик жасаудың тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ara-uynan-darige-tozimdi-bakteriyalardy-joyatyn-antibiotik-jasaudyn-tasili-tabyldy-14275/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар бактерияны антибиотик істеп шығаруға қалай "көндірді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-bakteriyany-antibiotik-istep-shygaruga-qalai-kondirdi-13774/#gsc.tab=0);

«Өлімге апаратын аса қауіпті супербактерияның пайда болу себебі анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/olimge-aparatyn-asa-qauipti-superbakteriyanyn-paida-bolu-sebebi-anyqtaldy-14761/#gsc.tab=0);

«Бактериофаг аса қауіпті супербактерияны жоя алатын болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriofag-asa-qauipti-superbakteriyany-joya-alatyn-bolyp-shyqty-14723/#gsc.tab=0);

«Бактериялар біз ойлағаннан да әлдеқайда төзімділігін шапшаң қалыптастыруда» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalar-biz-oilagannan-da-aldeqaida-tozimdiligin-shapshan-qalyptastyruda-14722/#gsc.tab=0);

«Бактерияның антибиотикке төзімділігінің тағы бір сыры ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyanyn-antibiotikke-tozimdiliginin-tagy-bir-syry-ashyldy-13275/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат