Антибиотик туралы қайғылы шындық. «Пайдалы» микробтарды антибиоктен қорғайтын жасанды бактерия пайда болды
Антибиотик туралы қайғылы шындық. «Пайдалы» микробтарды антибиоктен қорғайтын жасанды бактерия пайда болды
2 жыл бұрын 2586 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2 жасқа дейінгі антибиотиктің әрбір жаңа тағайындауы, әсіресе, кеңінен қолданылатын антибиотиктер антидене концентрациясын төмедетеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған pediatrics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ-тағы Рочестер инфекциялық аурулар және иммунология орталығының ғалымдары анықтағандай, екі жасқа дейін антибиотикпен емделу немесе аталған дәріні организмнің қабылдауы адамның иммундық жүйесіне сөзсіз кері әсерін тигізеді. Кей жағдайда орны толмайтын залал келтіреді. Бұл арада екпе салдыру арқылы пайда болатын иммунитет турасында сөз болып отыр. Бұл бағыттағы ауқымды зерттеу барысында ғалымдар табаны күректей он жыл бойы екі жасқа дейінгі балаларды қадағалаған болатын – 560 баланың иммунитет көрсеткіштері салыстырылып, сарапталды. Түрлі екпеден соң олардың антидене деңгейі тексеріліп отырды. Белгілі болғандай, антибиотиктің әрбір курсы балалардың антидене деңгейін төмендетіп отырған. Ал екпенің тиімділігі орташа есеппен алғанда 5-11 пайызға төмендеген. Мұндай эффекті қайтара екпе салғанда да байқалған.

«Пайдалы» микробтарды антибиоктен қорғайтын жасанды бактерия пайда болды

Организмге енген антибиотикті қауіпсіз жолмен ыдырататын әрі сол арқылы оның кері әсерін төмендететін, дәлірегі, жат микроорганизмдердің төзімділігін азайтатын жасанды бактерия пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Массачусет технологиялық институтының инженерлері адамның ас қорыту трактісін антибиотиктің теріс әсерінен қорғаудың жолын тапты. Бұл тарапта америкалық ғалымдар адамға қауіпсіз бактерия штаммын пайдаланды. Бактерияға бета-лактам деп аталатын антибиотиктер класын ыдырататын ферментті істеп шығаруға мәжбүрледі. Мұндай антибиотиктерге ампициллин, амоксициллин және басқа да жиі қолданылатын препараттар жатады. Егер антибиотикпен бірге осы штаммды организмге енгізетін болсақ, ол ішек микробиотын қорғап, дәрінің тімділігіне кедергі келтірмейді. Ғалымдар бұл бағытта арнайы тәжірибе жүргізіп, оның тиімділігіне көз жеткізді. Соңғы 20 жыл бедерінде жүргізілген зерттеулер нәтижесі адам ішегіндегі микробтардың тек зат алмасуда ғана емес, сонымен қатар, иммунитеттің қызметіне көмектесетіні әрі жүйке жүйесінің қалыпты деңгейде ұстайтыныны белгілі болып отыр. Антибиотиктің теріс әсерінен адам ішегінің микробиотын қорғау үшін ғалымдар түрлендірілген бактерияны пайдалануға бел байлаған екен. Бұл тарапта ірімшік жасауда пайдаланылатын Lactococcus lactis бактериясының штаммын құрылымдады: штамм бета-лактамды антибиотикті ыдырататын феретті жеткізеді. Бұл дәріге антибиотиктердің шамамен 60%-ы жатады. Адам бұл бактерияларды ауыз арқылы қабылдағанда, олар ішекке еніп, онда уақытша тұрып, бета-лактамаза деп аталатын ферментті шығарады. Содан кейін бұл фермент асқазан-ішек жолына түсетін антибиотиктерді ыдыратады. Антибиотиктерді ауызбен қабылдағанда, препараттар қанға ең алдымен асқазан арқылы өтеді, сондықтан олар денеде көп мөлшерде айналымда бола алады. Бұл тәсілді антибиотик организмге өзге әдіспен енгізілгенде де қолдануға болады. Қайткен күнде де, яғни, қандай жолмен қабылданса да дәрі ішекке тап болады. Жасанды бактерия антибиотикті ыдыратқаннан кейін олар организмнен ас қорыту жолдары арқылы сыртқа шығып кетеді.

0 пікір
Мұрағат