Ақпаратты жарықтың көмегімен секундына триллион есе жеткізудің тәсілі табылды
Ақпаратты жарықтың көмегімен секундына триллион есе жеткізудің тәсілі табылды
1 ай бұрын 559 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Физиктер тұңғыш рет поляризацияланған жарық импулсын бір терагерцке дейін жеткізуге көмектесетін нанофотонды жүйені жұртшылықтың назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш технология ақпараттың мейлінше шапшаң жетуі маңызды рөл ойнайтын бүгінгі күннің озық технологиясымен жұмыс істейтін салаларға ақпаратты шалғай қашықтан жоғары жылдамдықпен жеткізуге көмектеседі. Әдетте поляризацияланған жарықты басқару әрі бақылау қиын. Жарық жылдамдығы мына әлемде ең жоғарғы жылдамдық болып саналады. Алайда, оның көмегімен ақпаратты барынша тез жеткізе аласыз. Оның осындай ерекшелігі мен әлеуеті бар. Ғалымдар бұл сәулеленуді нанобөлшектердің, мета бетінің көмегімен басқурады меңгерді. Поляризацияланған жарық – толқын тербелісінің ампоитудасы толқын таралатын бағытқа перпендикулярлы өзгеретін электромагниттік сәулелену. Көрнекті мысалмен немесе бенейлеп түсіндіріп көрейік: саңылауынан арқан тартылған ағаш қоршауды көз алдымызға әкелейік, Арқанды бір ұшынан шыр айналдырамыз – осылайша поляризацияланбаған жарықтың моделін жасаған боламыз. Саңылаудан тартылған арқан тігінен тербеледі, өйткені, көлденеңінен тербелуге қоршау мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде арқан (немесе жарық) белгілі бір ендікте тербеледі – яғни, поляризацияға ие болады. Былайша айтқанда, белгілі бір бағыттағы тербеліс десе де болады – бұл арадағы поляризацияны осылай түсінуге болады. Полярланған жарықта ақпаратты кодтауға әрі жоғары жиілікте жеткізуге болады. Бүгінде ғалымдар байланыс жүйесінде ақпараттардың жету жылдамдығын айтарлықтай арттыратын, коммуникацияның тиімді әрі шапшаң әдісі – трагерлік байланысты құру бағытында ізденіп жүр. Осы ізденістің нәтижесінде физиктер поляризациялық жарық тәсілін ұсынып отыр. Бұл мақсатта олар бір терагецтік жиіліктегі жарық импулсын жеткізуді басқаруға мүмкіндік беретін нанофотонды құрылғы жасап шығарды. Ғалымдар ақпаратты еткізудің мұндай жылдамдығына арнайы мета бетінің көмегімен қол жеткізе алды. Аталған материал - өзі арқылы өткен жарықпен өзара әрекетке баратын ультражұқа пленка немесе нанобөлшектер кіріктірілген парақтар. Инженерлер енгізілген нанобөлшектердің пішіні мен құрылымын, мөлшерін өзгерте отырып, оларды екі өлшемді геометриялық өрнекке айналдыру арқылы жарық толқынының белгілі бір нақты ұзындығын қайта бағыттай алатын материал жасай алады.

(ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат