ҚЫТАЙ ТӘЖІКСТАННЫҢ ЖЕРІМЕН ҚОСА АЛТЫН КЕНДЕРІН ИЕМДЕНІП ЖАТЫР
ҚЫТАЙ ТӘЖІКСТАННЫҢ ЖЕРІМЕН ҚОСА АЛТЫН КЕНДЕРІН ИЕМДЕНІП ЖАТЫР
1 ай бұрын 4797

Қытай қарызын өтей алмаған Тәжікстанның 1 мың шаршы шақырым жерін тартып алды. Аспан асты елі енді көлік жолдары мен кен орындарын иемденіп жатыр. Бұл жайында экономика ғылымдарының докторы, экономика және демография институтының сарапшысы Қожамахмет Омаров мәлімдеді. Бұл туралы arasha.kz ақпарат көзі мәлім етті. 

“2011 жылы мемлекет өз аумағының 1% Қытайға берді. Бұл Памирдің шығысындағы екі тараптың арасында дау тудырған жерлер болатын. Көрші ел Памирдің уран, алтын, боксит, асбест және бағалы тастарға бай алқаптарына әлі де көз тігіп отыр. Қарызды жермен өтеу жалғасуы мүмкін”, – дейді сарапшы.

Қазіргі уақытта Қытай бұл елдегі Ресей жобаларын ығыстырып, Душанбені арзан несиелерімен жарылқап жатыр. Статистика агенттігінің мәліметінше, Тәжікстанның сыртқы қарызының тең жартысы – 1209,6 млн. доллар Қытайдан алынған екен.

“Арзан несиенің негізгі сомасы мен пайызын өтейтін уақыт келгенде Душанбе қаражат таба алмай қысылады. Ал, Бейжің берешекті жердің қазба байлықтарымен өтеуді ұсынды. Қазіргі уақытта екі алтын кені және бір көмір кені қарызды қайтару үшін 49 жылға Қытайдың меншігіне өтіп кеткен”, – деді Қожамахмет Омаров.

0 пікір
Мұрағат