Ғалымдар жердің жартысына адамзаттың кері әсері тимегенін анықтады
Ғалымдар жердің жартысына адамзаттың кері әсері тимегенін анықтады
4 жыл бұрын 6054 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Вашингтон қаласында орын тепкен ұлттық географиялық қоғамдастығы мен Калифорния университеті ғалымдарының халықаралық тобы жүргізген бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Жердің шамамен жарты аумағы адамзаттың теріс ықпалына ұшырай қоймаған. Бұл арада мәңгі мұздақ пен тоңның құрсауындағы территорияны есепке алынбағанын айта кету керек. Аталмыш зерттеу туралы мәлімет Global Change Biology мерзімді басылымында жарияланды. Зерттеу барысында антропогендік тұрғыдан игерілген, яғни, адамдар түрлі мақсатта пайдаланатын өлкелер мен өңірлер бейнеленген төрт ғаламдық карта салыстырылды. Адамзаттың кесірінен қатты зардап шеккен аумақтарға қалалы жерлер мен жыртылатын жерлер, мал тұяғы таптайтын жайылымдар және қазба байлық өндірілетін аймақтар жатады. Дэвистегі Калифорния жоғарғы оқу орнының жабайы табиғат және балық биологиясы музейінің ғылыми қызметкері Джейсон  Риджио бұл жаңалықты жақсылыққа жорып отыр. Оның айтуынша, адамзатты жаһандық жылыну мен климат өзгерісінен орын алатын табиғи апаттардан аман алып қалу үшін «тұнығы лайланбаған» ортаны сақтап қалу керек. Қайткен күнде. Өйткені, «сұрты бұзылмаған» тұмса табиғатпен тұмшаланған бұл аймақтар ауа мен судың тазаруына, қоректік заттардың өсіп-өнуіне,топрықтың құнарлылығын арттыруға ықпал етпек. Яғни, табиғаттағы балансты сақтауға көмектеседі. Бұл территорияны сол бүлінбеген қалпында сақтауға қатысты шаралар жыл сайын бір трлн шамасында қаржыны қажет етеді. Адам аяғы сирек басқан ит тұмсығы батпайтын ну ормандар мен Азияның және Солтүстік Америка құрлығының солтүстік аймағы, Сахара шөлі секілді шөл және шөлейтті аймақтарды сол қалпында сақтауға тырысу керек, яғни, адамзаттың араласуына жол бермеу керек.

0 пікір
Мұрағат