Алыстан адамның дене қызуын өлшеуге мүмкіндік беретін көзілдірік жасалды (фото)
Алыстан адамның дене қызуын өлшеуге мүмкіндік беретін көзілдірік жасалды (фото)
4 жыл бұрын 3306 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың Rokid стартапы алыстан өзге адамның дене қызуын өлшеуге мүмкіндік беретін смарт-көзілдірік құрастырды. Аталмыш жоба авторларының айтуынша, мұндай көзілдірік бүгінгідей жұқпалы індет жайлаған кезде көкейтесті әрі маңызды бұйымға айналмақ. Инфрақызыл датчикпен, камерамен жәнеQualcomm микропроцессорымен жабдықталған Т1 көзілдірігі нақты уақыт аралығында үш метр қашықтан өзге адамның дене қызуын дәл білуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта аталмыш құрылғыны одан ары жетілдіріп, бір мезетте 4 адамның дене қызуын тек үш метр қашықтан емес, одан да қашық жерден өлшей алатындай етіп құрастырмақ. Мұндай көзілдірік көпшілік жиналатын қоғамдық орындарда қолдануға болады. Яғни, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, ауру адамнан алыс жүруге көмектеседі. Жобалаушылар бұл етістікпен шектеліп қалмай бұл көзілдірікті адамды тану жүйесімен ұштастыруды көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат